Келестік оқушы ауыл шаруашылығына пайдалы ғылыми жобамен айналысады

0
65

Түркістандық шаруалар өздері ғалым, өздері шаруа, өздері жұмыскер. Олай деуімізге себеп — жердің жайын жақсы білетін диқандар жерді қалай тыңайту қажеттігін мықты біледі. Енді диқандарға мектеп оқушылары да көмек қолын созуда. Түркістан облысына қарасты Келес ауданы, №25 Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Шәміл Назым соңғы жылдары калифорниялық қызыл құрт (шылаушан) өсіріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде Түркістан облысындағы шаруалардың басым бөлігі осы өнімді қолдануда. Өйткені жерді тыңайтуда көрсетер көмегі көп. «Эмбактерия көмегімен тыңайтқыш өндіру және шылаушан көмегімен тыңайтқыш өндіру технологияларының мақсаты-топырақ жағдайын жақсарту және ауыл халқы әл-ауқатының артуына себепкер болу» дейді жас ғалымның жетекшісі Жамила Аширова.

«Құрғақшылық, өнімділіктің төмендеуі, топырақтың деградацияға ұшырауы және егіндік суының жетіспеуі сияқты мәселелер біздің өңірде өте өзекті болып тұр. Бұл мәселелердің түп негізі суды есепсіз пайдалану, ескірген ирригационды жүйелерді қолдану және аймақтың ауа-райының өзгерушілікке бейім келуіне келіп тіреледі.Топырақ құнарлығы-егіншіліктің мол болуы мен экожүйенің тұрақтылығының кепілі. Сондықтан оқушым осы тақырыпта зерттеу жұмысын бастаған. Алдымен шәкіртім химиялық тыңайтқыштың топыраққа әсерін тәжірибеде сынады», — дейді мектеп мұғалімі. Назым Шәмәл сонымен қатар ғылыми жобада шылаушын алу-сату барысында нені білу қажеттігін, сонымен қатар жауын құрттарының топыраққа қандай пайдасы барын да атап өтеді. Жас та болса ізденімпаз қыз жобасын алдағы уақытта оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсына ұсынбақ. Оның жобасы үздіктердің қатарынан табылары анық. Өйткені келестік оқушының жобасы ерекше.

Leave a reply