САУРАН: ТАБЫСТЫҢ ТАЙҚАЗАНЫ – ТУРИЗМ

0
81


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің туристік әлеуетін тиімді пайдалану керек. Туризм серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді»,-деген болатын.
Түркістан қаласы Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы атанды. Алайда,осы мәртебеге орай алда да бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұған облыс әкімі Дархан Сатыбалды өзі тікелей қадағалап отыр.Өңір басшысы кезекті аппарат отырысында облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысына бұл бағытта нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді. Емдік-сауықтыру орындарын орналастыру жоспарын реттеу, су көздерін зерттеу жұмыстарын атқаруды тапсырды.
– Туризмді дамыту мәселесін тұрақты қадағалап отырамыз. Саяхатшылар санын көбейту бойынша жұмысты күшейтіңіздер. Түркістан туризм астанасы атанғанын білесіздер. Іс-шаралар мазмұнды әрі сапалы болуы тиіс. Өңірдегі минералды және емдік су көздерін зерттеу жұмысын жеделдету керек. Бұл да туризм саласын дамытуға серпін береді, – деді Дархан Сатыбалды.
Осыған орай, бекітілген кешенді жоспарға сәйкес ауданымызға туризм саласы бойынша 2024 жылға бекітілген көрсеткіштер, ішкі туристерді – 900 адамға, нөмірлік қорды – 200 төсек-орынға жеткізу көзделіп отыр. Тартылған инвестиция – 500,0 млн. теңге. Тарихи нысандарға келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы тарапынан Ескі Сауран қалашығының аумағынан жоба құны 470,0 млн. теңгені құрайтын «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде қонақ үй,тамақтану орны, көрме орталығы, гид қызметі, автотұрақ болады. Қазіргі таңда ғимарат қабырғалары тұрғызылған. 2022 жылға арналған қаржысы 262129,4 мың.теңге толықтай игерілген. 2024 жылға Республикалық бюджеттен 210000,0 мың.теңге қаржы қаралғандықтан, 2023 жылы сапар орталығының құрылысы тоқтап тұр. Аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени нысандарға келушілер 2024 жылдың 5 айының қорытындысымен 18 мыңға жуық турист келген. Оның ішінде Үкаша Ата кесенесіне– 17200 зияратшы, Сауран қалашығына – 668 турист, Жүсіп Ата кесенесі – 469 турист келген.
Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен облыстық мәдениет және туризм басқармасы тарапынан «Түркістан облысының туризм саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасы» әзірленген. Бағдарлама әзірлеу барысында облысымыздың туристік қызмет саласына талдау жұмыстары, сонымен қатар туризм саласының қазіргі жағдайына SWOT-талдаулар жүргізілді. Талдау жұмыстарында туризм саласындағы шетелдік және отандық тәжірибе ескерілді және 2024-2028 жылдарға тиісті нысаналы индикаторлар белгіленіп, іс-шаралар жоспары әзірленді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – келуші туристер санын арттыру, облыстың туристік әлеуетін жоғарылату, туризм саласында инвестиция тартуға қолайлы ахуал қалыптастыру. Іс-шаралар жоспары аясында өңірге келуші туристер санын 2028 жылға дейін 1 млн. адамға жеткізуді, ал біркүндік келушілер санын 2028 жылға дейін 2,5 млн. адамға жеткізу жоспарланып отыр. Өір басшысы биылғы жылы атқарылатын іс-шаралар бойынша жүзеге асатын төрт тармаққа ерекше тоқталды. Атап айтқанда, облыстың туристік әлеуетін арттыру, туристік салаға инвестициялар тарту, экологиялық туризмді дамыту, емдік-сауықтыру туризмін дамыту. Сонымен қатар жыл барысында гастрофестиваль, этнофестиваль, ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек халықаралық ұйымдар мен орталық мемлекеттік органдармен байланыс орнатылып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру пысықталуда. Жалпы басқарма тарапынан 40-тан астам іс-шара ұйымдастырылып өткізілмек. Сондай-ақ дәстүрлі түрде ұйымдастырылып өткізілетін халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері конкурсын тау туризмі маусымының ашылуына орайластырып, облыстың таулы аймағында өткізу жоспарлануда. Қатысушы мемлекеттер санын 20-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Мұндай ауқымды жобаларға Сауран ауданы әкімдігі де үлкен қолдау білдіріп отыр. 2024 жылға жалпы құны 1,9 млрд. теңгені құрайтын төрт инвестициялық жоба іске асырылып, 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Оранға ауылдық округінен «Болашақ құрылыс» демалыс аумағы және демалыс үйлері 1,0 млрд.теңге тұрады. Қарашық ауылдық округіндегі «Хамдан» жол бойындағы қызмет көрсету орталығы 400,0 млн.теңге тұрады.
Шорнақ ауылдық округінде «Бауырсақ» орналастыру орны 400 млн теңге тұрады. Иассы ауылдық округінде «Ozen» демалыс аймағына екі кезең бойынша 100,0 млн.теңге жұмсалады.
Қазіргі таңда Сауран ауданындағы шағын және орта, ірі кәспорындардың барлығына қолайлы жағдайлар жасалған. Соған орай жұмыспен қамтылған елдің де әлеуметтік тұрмыстық жағдайы жақсарып, ауданымыздың әлеуеті тың қарқынмен көтеріліп келеді.
АЛТЫ АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР АУҚЫМДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда.
Бұл ретте металды терең өңдеу, мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн. Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек»,-деген болатын.
Сауран ауданы негізінен аграрлы аумақ болып саналғанымен соңғы жылдары өнеркәсіп өнімін ұлғайта түсуімен ерекшеленеді. Бұл сала соңғы үш жылда серпінді дамуда. Сауран ауданының 2024 жылдың қаңтар-маусым айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 942,5 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көрсеткіштер индексі 85,1% – ды құрады. Биылғы жылға жоспар 13,4 млрд теңгенің өнімін шығаруға жоспарланса, оның нақты көрсеткіштер индексін 103,5 пайызға жеткізу межеленіп отыр. Ал қаңтар-маусым айына жоспар 4790,7 миллион теңгенің өнімін өндіру керек болса, ол меже 101,8 пайызға орындалды. Өнеркәсіптің басымды саласы өңдеу өнеркәсібінде 2 117,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көрсеткіштер индексі – 80,1 пайызды құрады. 2024 жылға жоспар 9,8 млрд теңгенің өнімін өндіруге жоспарланды. Ол меже 104,1 пайызды құрайды. Биылғы қаңтар-маусым айына жоспар 3223,6 миллион теңгенің өнімі өндірілді. Жоспар 102,7 пайызға орындалды.
ІШКІ НАРЫҚТЫ ҚОРҒАУ БАСЫМ БАҒЫТ БОЛЫП САНАЛАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Жаңа жүйе еліміздің кәсіпкерлеріне одан әрі қолдау көрсетілуін және ең бастысы, қордаланған мәселелердің бюджеттен қаржыландыру арқылы шұғыл шешілуін қамтамасыз етуге тиіс. Сатып алу үдерісі оңтайланып, қысқартылады, «баға емес, сапа» қағидатына басымдық беріледі, яғни, демпингке тиімді тосқауыл қойылады және үдерістер толық автоматтандырылады. Мемлекеттік сатып алу жүйесіне алғаш рет «басынан бақайшағына дейін» жасау тәсілі енгізіледі.
Жұмыстың ашық болуын арыз-шағымдарды қараудың жаңа тәсілін қолдану және қоғамдық мониторинг институтын енгізу арқылы қамтамасыз еткен жөн. Соның нәтижесінде алдағы үш жылдың ішінде реттелетін сатып алу саласындағы жергілікті өнімдер мен қызметтердің үлесі кемінде 60 пайызға жетуге тиіс. Қазір көптеген елдер ішкі нарықты қорғау шараларын белсенді қолданады. Дамыған мемлекеттердің өзі протекционистік өнеркәсіп саясатына көшті. Дүниежүзілік сауда ұйымының бағалауынша, біздің елдегі ішкі нарықты қорғау деңгейі төмен, небәрі 128 тарифтік емес шара. Сондықтан біз сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауымыз керек»,-деген болатын.
Осыған орай бекітілген кешенді жоспарға сәйкес ауданымызға 2024 жылы шағын орта кәсіпкерлік нысандарының өнім шығарылымы бойынша 86,8 млрд теңге болып бекітіліп, нысаналы индикаторлар белгіленген.Бұл көрсеткіш статистикаға тоқсан сайын шығады. Бүгінгі таңда, 2024 жылдың 1-тоқсаны бойынша 2,7 млрд теңгеге жетті, жылдың қорытындасымен 86,8 млрд теңгеге орындалатын болады.
Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6978 жетіп, соңғы 2,5 жылда олардың саны 4 905- ке өсті.
Осы салада 9677 адам жұмыспен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға артты. Кәсіпкерлердің өндірістік қуатын қолдауға бағытталған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген 7-8% несиемен қамтамасыз етілді.
Атап айтар болсам, банк несиелерін субсидиялау бойынша 19 жоба, 2 492,4 млн.теңгеге орындалды.
ШАҒАДА ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІП ШАРЫҚТАУДА
Сауран ауданы аумағында шағын өндірістік аймақтар құрылуда. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында ауданнан шағын өнеркәсіптік аймақтардың құрылысын қолға алынды. Біріншісі, Шаға ауылдық округінен 30 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік аймақ жобасы іске асырылуда. Оның (жалпы құны 12,9 млрд.теңге тұрады. Жобаға сәйкес алдағы үш жылда 42 өндірістік ғимаратты салу көзделіп отыр. Оның жалпы алаңы 66 528 шаршы метр. Қазір 11 өндірістік ғимараттың құрылысы жүргізіліп, кәсіпкерлерге жеңілдетілген талаптармен ұсынылуда. Жобаға сәйкес алдағы үш жылда 42 өндірістік ғимаратты салу көзделіп отыр.
Анықтама:
Өндірістік ғимараттың параметры:
– ұзындығы – 66 метр, ені – 24 метр, биіктігі – 8 метр;
– алаңы – 1 584 м²;
– 1 ғимараттың құны – 308,9 млн.теңге.
– жалға беру мерзімі – 5-7 жылға;
– жалға алу құны – 1 000/1 500 теңге 1 м²;
– ғимаратты сатып алу құны – 195 000 теңгеге дейін 1 м².
Қазіргі уақытта, өндірістік ғимараттар іске қосылған соң, өз өндірісін ұйымдастыруға тоғыз әлеуетті инвестор бар. Олардың ішінде «UBC Group» ЖШС (Украина) тоңазытқыш жабдықтарын өндіру және машина жасаумен айналысады. Жалпы инвестиция құны 10,0 млрд.теңге тұрады. Кәспорын толық іске қосылған кезде 250 адам жұмыспен қамтылады. «BNK Group Ltd» жаңбырлату қондырғыларын шығарады. Инвестиция құны 5,0 млрд.теңге. Кәсіпорын іске қосылған кезде 80 адам жұмыспен қамтылады. «Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» ҚҰ корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз шығарады. Мұның инвестиция құны 3,5 млрд.теңге. Кәсіпорын іске қосылған кезде 100 жұмыс орны ашылады. «Жаңа Арна Құрылыс» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі дәрі-дәрмек өндірісін жасайды. Жалпы инвестиция құны 3,0 млрд.теңге болады. Кәсіпорын іске қосылған кезде 80 жұмыс орны ашылады. «GEN GROUP KAZAKHSTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылыжайға арналған жабдықтарды шығаратын болады. Оның инвестиция құны 2,4 млрд.теңге. Сол кезде 70 жұмыс орны ашылады. «Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» ҚҰ әскери шатырлар өндірісін бастайды. Жалпы инвестиция құны 2,5 млрд.теңге болса, 100 жұмыс орны ашылмақ. «Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» ҚҰ металл және мектеп жиһаздарын шығарады. Инвестиция құны 2,3 млрд.теңге тұрады. Кәспорын іске қосылған кезде 70 адам жұмыспен қамтылады. ЖК «Sauran Plast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі полиэтиленді пакеттер мен құбырлар өндіреді. Оның жалпы инвестиция құны 2,0 млрд.теңге тұрады. Кәсіпорында 60 адам жұмыспен қамтылады. «WORD MEDICINE Ilac Sanayi ve Ticaret Anonim Sirketi» фармацевтикалық өндірісіне бөлінген инвестиция құны 5,0 млрд.теңге , 50 жұмыс орны ашылады.
Екінші шағын өнеркәсіптік аумақты Қарашық ауылдық округінен ашпақпыз. Қарашықтан 10 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік аймақ жобасы іске асырылуда.
Жобаға сәйкес аталған аумақтан 28 өндірістік ғимаратты салу көзделіп отыр. Осылайша әкімдіктің тікелей қолдауымен барлық ауылдардан да осында өндірістік аймақтарға жер бөлуді бастадық. Бұл өз кезегінде инфрақұрылымын, суын, жарығын жеткізіп беріп, тиісті ғимараттарды жалға беруді жалғастыратын болсақ өте ауқымды жоба болғалы тұр. Жобаға сәйкес аталған аумақтан 28 өндірістік ғимаратты салу көзделіп отыр.
Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысымен ауданға 8,2 млрд. теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде жеке инвестициялар 5,5 млрд.теңгеге жеткізілді. Бюджеттік инвестициялар 2,7 млрд.теңге. көлемінде инвестиция бағытталды. Жоспар бойынша 42,0 млрд.теңге тарту көзделіп отыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 100,8% жоғары көрсеткіш.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Сауран ауданында бекітілген кешенді жоспарға сәйкес 2024 жылға негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 42,0 млрд теңге болып бекітіліп, нысаналы индикаторлар белгіленген. 2024 жылдың қаңтар-маусым айына аталған жоспар 146,7 пайызға немесе 19 млрд 584,5 млн теңгеге орындалды. 2023 жылдың қаңтар-маусым айына негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 12,8 млрд теңгеге орындалды. 2024 жылдың қаңтар-маусым айына қойылған негізгі капиталға бағытталған инвестиция жоспары – 8,6 млрд.теңге болып бекітілді. Оның ішінде, республикалық бюджет есебінен – 2 754,8 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен – 1 121,2 млн.теңге қарастырылды. Ұйымдардың өз қаржысы және жеке қаражат есебінен 15 470,3 млн.теңге бөлінді. Банк несиелері есебінен – 238,1 млн.теңге игерілді. Сонымен қатар, 2024 жылдың қаңтар-шілде айларына болжам бойынша 27,5 млрд теңгеге жоспарланып отыр.2024 жылдың қаңтар-шілде айына қойылған негізгі капиталға бағытталған инвестиция жоспары – 10,6 млрд.теңге болып белгіленді.
Сауран ауданы бойынша инвестициялық жобаларға қызығушылық байқатушылар қатар артып келеді. Алдағы уақытта инвестицияның өсу қарқынын қамтамасыз ету мақсатында, өңірімізде 2024-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 113,7 млрд. теңгеге жоспар жасалып 2726 жұмыс орнын құруға арналған 146 инвестициялық жоба жоспарлануда. Олардың түрлі салалар бөлінісінде атап өтетін болсақ, алдымен агроөнеркәсіп бағытына – 32 жобаға 23,2 млрд. теңге тартылмақ. Өнеркәсіп саласындағы 28 жобаға 33,4 млрд. теңге бөлінеді. Жаңартылған энергия көздеріне бір жоба, 8,0 млрд. теңге тұрады. Туризм бағытындағы 11 жобаға 2,9 млрд. теңге қарастырылған. Сауда саласындағы 22 жобаға 4,7 млрд. теңге бөлінеді. Басқа да салаларға 26 жоба қарастырылса, оған 5,3 млрд. теңге бөлінеді. Ал, 2024 жылдың қорытындысымен жалпы құны 77,5 млрд. теңгеге 2137 жұмыс орнын құрумен 120 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлаудамыз.
ЖИҺАЗ ЖАСАУШЫЛАР АУДАННЫҢ АБЫРОЙЫН АСЫРЫП ТҰР
Түркістанның облыс орталығы аталуына орай, киелі шаһарға қоныстанушылар қатары күн санап көбейіп келеді. Жаңадан салынған пәтерлердің өсуіне де байланысты түрлі жиһаздарға сұраныс өсе түскен. Сауран ауданында кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшылығымен атқарылған жұмыстары соңғы жылдары кәсіпкерлікпен айналысушылар қатары күн санап артып келеді. Ауданда өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі серпінді дамып келеді. Өнеркәсіп саласында 2024 жылдың 5 айының қорытындысымен 2 млрд 101 млн. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 80,1%- ды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылдың 5 айының қорытындысымен 1 млрд 291,0 млн. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 75,8% ды құрады. 2024 жылға жоспар өнеркәсіп көлемін 13,4 млрд.теңге, нақты көрсеткіштер индексі – 103,5 % – ға және өңдеу өнеркәсібі өнім көлемін 9,8 млрд. теңгеге, нақты көрсеткіштер индексі – 104,1 % жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі саласында 2024 жылдың 4 айында жалпы құны 3,0 млрд. теңгеге 40 жаңа жұмыс орнын құрумен екі инвестициялық ірі жоба іске қосылды. Олар «IDEAL TURKESTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жиһаз шығару жобасы жасалды. Оның жобаның жалпы құны 1500,0 млн.теңге болап отыр. Сол арқылы 20 адам жұмыс орнымен қамтылады. Екіншісі «ASIA BREND» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жиһаз шығару жобасы, жоба құны 1500,0 млн.теңге болады. Соның нәтижесінде 20 адам жұмыс орнымен қамтылады.
Сұлтанғали ШАКИРОВ,
Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы.

Leave a reply