Четверг, 19 сентября

ТҮРКІСТАН: КИЕЛІ ШАҺАР ТАРИХЫ ҚАЙ ЗАМАННАН БАСТАЛАДЫ?

0
28

Бүгінгі күні көне замандардан бері Орталық Азия өркениетінің алтын бесігі болған қасиетті Түркістан қаласы құрылыс алаңына ұқсайды. Қала за¬манауи қайта жаңғырып жатқанда оның ежелгі тарихына тағы бір барлау жасап қойсақ артық болмас. Себебі Түркістан тарихына қатысты қолымызға түскен кез келген анықтамалықты ашып қарасақ «Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған қала» деген ақпаратты оқимыз. Расында да солай ма?
Түркістан аймағында қызмет атқар¬ған археологтар бұл өңірдің тарихы те¬рең¬де жатқанын дәлелдеген. Басқасын айт¬пағанда қазақ жеріндегі ерте тас дәуі¬рінің тұрақтары Қаратаудың екі жа¬ғын¬¬да да аз емес екендігін дәлелдеген Х.Алпыс¬баевты атасақ та болады. Түр¬¬кістан қаласының айналасындағы Шоқ¬¬¬тас, Қошқорған сияқты тас дәуірі ескерт¬¬¬кіштері бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Біздің өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық му¬¬зейімен бірге Таңбалы жар маңында жүр¬¬гізген зерттеулеріміз неолит, яғни жаңа тас дәуірінің үлкен тұрағын анық-тады. Кезінде Ә.Х.Марғұлан да Бетпақ¬да¬ланың екі жағында да заманымыздан бұрынғы ескерткіштер, соның ішінде нео¬лит пен қола дәуірі мол екенін жаз¬ған болатын. Дегенмен Түркістан қала¬сы¬ның тарихын біз сол неолитпен немесе қола дәуірінің тарихымен байланыс¬ты¬¬ра аламыз ба? Біздің ойымызша ба鬬¬ланыс¬тыруға болады және ол үшін бі¬р¬¬та-лай дерек бар.
Адамзаттың ежелгі дәуірінің тари¬хы¬нда жұмбақ көп. Атақты неміс мә¬дениет¬¬танушысы К.Ясперс осыған орай: «Адамның қалыптасу тарихы ең терең құпия, біз оны әлі күнге дейін түсінбей келеміз» деп өте тауып айтқан болатын. Қазақстан же¬рі¬не ең ежелгі аталарымыздың қай жақ¬тан келгені анықталған жоқ, мүмкін Оңтүстік-Шығыс Азиядан, мүмкін, Кіші Азия¬дан келген болар деген жорамал бар. Соны¬мен қатар адамзат баласының қалып¬тасу процесіне Орталық Азия өзінше үлес қосты дейтін де ғылыми тұжы¬рым¬дар бар. Оның бір көңілге қонатыны – Homo sapiens күрделі табиғи ортада, оңтүс¬тік пен солтүстік арасындағы континенталды ауа райында қалыптасуы мүмкін. Бұл қисынды жорамал, ауа райы мен табиғат сол жерді мекендеген адам¬дарды тәрбиелейтіні, ақыл-ойын дамы¬ту¬ға мәжбүрлейтіндігі белгілі.
Неолит дәуірінде бүкіл Қазақстанның тер¬риториясында аңшылық өмір салтынан жылқышылыққа, ежелгі металлургия мен егіншілікке өте бастаған кішігірім жауынгер тайпалар тығыз қоныстанды. Оның бір белгісі біздің заманымыздан бұрынғы 12-10 мыңжылдықтарда орын алған «Топан су» әңгімесінің Түркістан өңірінде сақталуы дейміз. Жер шарын мекендеген мыңдаған этностың ішінде тек төртеуі ғана өз жұртынан Нұқ пай¬ғамбардың кемесі тоқтаған тау¬ды көрсете алады: арабтар – Жуды тауын, яхудилер (еврей) – Сион тауын, армяндар – Арарат тауын, ал қазақтар – Қазығұрт тауын. Тас дәуірінің соңына қарай халық санының өсуі қазақ жерінен басталған бірнеше қоныс аударуға жол ашты. Олардың ішінде шығыс деректері шумер тайпаларының Оңтүстік Азияға бағытталған миграция¬сын жиі атайды. Шығыстың егіншілік оази¬с¬¬теріне алғашқы болып өте ерте замандарда келген шумерлер Ежел¬гі Қосөзен т.б. өркениетін құрды (Шу-мер, Мысыр, Мохенджо-Даро); олар Қытай өркениетінің пайда болуына да әсер етті деген мағлұматтар бар. Миг¬ра¬цияның екінші толқыны б.з.б. ІV-ІІІ мыңжылдықтар соңында үнді-еуро¬па¬лық қауымдардың ыдырауымен байланысты. Үнді-еуропалық тайпалар Еуразия кіндік даласынан Еуропаға (грек¬тер, фракиялықтар, кельттер және т.б), Кіші Азияға (хеттер және т.б.) бет алады. Бұл қозғалыстар Еуразия құрлы¬ғының тарихында бұрын-соңды болма¬ған құбылыстарды туғызды.
Түркістан өңіріндегі қалалық мәде¬ниет¬тің көне тарихы да осы кезеңмен байла¬нысты деген пікірдеміз. ХVІІІ ғасыр¬дың ортасына қарай Ресейдің қазақ саха¬расындағы саясатына жауап берген адамдардың бірі П.И.Рычков Түркістанға қатысты Шығыстың ескі мәліметтерін көп жинап, бұл өңірдегі қалалардың көне дүниенің ескерткіші екенін жазады: «Түркістан мен оның аймағындағы жерлердің көнелігі жа¬ғы¬нан барлығынан да алда екенін айт¬қа¬нымыз жөн; себебі Түркістан қа¬ла¬сы татарлардың тарихи шығар¬ма¬ла-рында Бұхара қаласынан көп бұрын салынған деп айтылады, айтуларына қарағанда ерте замандарда билік осы қаладан басталған және бүкіл Азияға тара¬ған. Оренборда өмір сүретін ахун осы қаланы Яфеттің ұлы Түріктің неме¬ре¬лері салды және сол тұста атын да алды дейді, сол себепті сол аймақтағы қала¬лар, тіпті Үндістан мен Қытайға дейінгі, атап айтсақ: Кашкар, Табат, Еркень, Ходжант, Ташкент, Мартикан, Фантак, Янгы, Хасар, Хитяк, Утрар, Сабран, Барзягин және басқалары Түр¬кістан билігіне қарап тұрған. Осы ай-мақ¬ты олар ескі заманда Яссы деген атау¬мен де атаған, ол Түркістаннан да кәрі делінеді. Осы мағлұматтардың бар¬лығын жоғарыда аталған ахун арабша және татарша кітаптардан көшіріп алған».
Жоғарыдағы деректерде аталатын Яссы қорғаны қазіргі күні Ахмет Ясауи кесенесінің алдындағы Күлтөбе. Көне тарих осылайша жаңа заманның қасиетті ғимаратымен астасып, рухани тамырлармен жалғасып жатыр. Осы төбенің жоғарғы қабаттарында жасалып жатқан архео¬логиялық қазбалар біздің жыл сана¬уымызға дейінгі бірталай уақыт мөл¬шерін береді. Қорғанның орналасқан жері Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оң¬түс¬¬¬тікке қарай 350 метр жерде. Биік¬ті¬гі 9 метрді құрайтын ауқымды төбешік сопақша пішіндес. Мұнда қазір ғылыми-зерттеу және қайта қалпына келтіру жұ¬мыс¬тары қатар жүргізілуде. Біздің ойы¬мыз¬ша Күлтөбе қорғанының төменгі қабат¬тары қазіргі жыл санауымызға де-йін¬гі екінші, тіпті үшінші мыңдық жыл¬дыққа қатысты деректерді берсе керек. Себебі П.И.Рычковқа ақпарат берген ғұламалар Түркістанды Бұхарадан гөрі көне қала, өркениет пен мемлекет осы Түркістаннан басталады деп отыр. Ал Бұхара қаласының ірг嬬¬¬¬¬¬¬сі б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қаланған. Бір қызығы, Әзірет Сұл¬тан күмбезіне таяу орналасқан қа¬сиет¬ті Күлтөбе, ежелгі тарихтағы Яссы Әз Тәуке хан заманында да ел басшы¬ла¬ры¬ның бас қосып, «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деп мемлекет ісін талқыға салатын қасиетті қара орын қызметін атқарды.
Түркістан қаласының солтүстік-баты¬сына қарай 25 шақырым жерде, Қаратау бөк¬терінде Қарнақ аталатын көне қа¬лବ¬шық тарихы да бізді көне заман¬ға же¬телейді. Кезінде бұл жерде А.Н.Бернштам, Г.И.Пацевич, Е.И.Агеева сияқ¬ты археологтар қазба жұмыстарын жүр¬гізді, бірақ белгілі бір қорытынды шығара алмады. Археологтардың бір тобы Қарнақты ортағасырлық Ишкент деп жорамалдаса, екіншілері Қарнақты Әмір Темір әулеті тұсында салынған деп тұжырым жасады. Біз бұл пікірлер қаланың ең төменгі қабаттары әлі де зерттелмегендіктен туындаған үстірт жорамал деп білеміз. Қарнақтың тарихи қала екендігі, ол жерде оғыздар мекендегені ХІ ғасырда қалам тербеген М.Қашқари сөздігінен белгілі. Біздің ойымызша Қарнақ ерте заманда ғылым мен білімнің дамыған гүлденген үлкен қала болып кейін біртіндеп құлдырай бастаған.
Түркістан аймағында «нақ» жалға¬уы¬мен Қарнақтан басқа Шобанақ, Суғнақ (Сы¬ғанақ), Тошанақ, Шорнақ, Жүйнақ (Жү¬й¬нек) қалашықтары кездеседі. Түр¬¬кістан аймағында «жеті нақ өзара жер асты жолдарымен жалғасқан, жау шаשּׁқанда ел бір қаладан екіншісіне жан сақтап кетіп отырады екен» деген аңыз бар. Қазіргі күні осы қалалардың арасын қосқан жер асты жолдары табылып та жатыр және болашақта тарих үшін де, туризм ісі үшін де керемет нысан болады деп сенеміз. «Нақ» жалғауы қазақ тіліндегі «нақты» деген ұғыммен байланысты. Егер бұл сөздің тамырын қуалайтын болсақ, онда тым ерте, яғни біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтардағы ариан-тұран халықтарының сөздік қорындағы «нақ» сөзіне барып жалғанатынын анықтаймыз. Неміс тарихына қатысты деректерден «Дранг нах остен», яғни «Нақ Шы¬ғысқа қарай» деген сөзді кездес-тіреміз. Сонымен нақ сөзінің көне мағы¬насын қабылдасақ, Суғнақ – суға жақын қала, Тошанак – тасқа жақын қала, Қарнақ – Қаратау баурайындағы, Қара¬тауға жақын елді мекен. Оның алғашқы түпнұсқасы «Қара нақ» бол¬са керек деген пікірдеміз. Қара (Хара) – бұл жерде Қаратаудың көне заман¬нан бергі атауы. Ең бастысы біз осы атау¬дың этимологиясын іздеу бары¬сын¬¬да Францияның батыс аймағы Бре¬тань¬да орналасқан Қарнақ атты көне қорымның, Мысырдың оңтүстігінде, Ніл дариясының бастауында тұрған Қар¬нақ ғибадатханасының тарихы өзі¬міз¬дің Түркістан алқабымен, қасиетті Қаратау мен Сырдария жағалауымен байланыс¬ты екенін аңғарамыз. Біздің жыл санауымызға дейінгі ұлы көштердің заманында Қарнақ атауы Түркістан өңі¬рі¬нен Еуропаға да, Африкаға да барып қалғанына дау болмаса керек.

Leave a reply