Кентау қаласы алпыстан асып, жетпіске таяп қалды. Бүгін кентаулықтар «Қала күні» мерекесін атап өтті.
Қаладағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өткен мерекелік шарада қала әкімі Жандос Тасов пен қалалық маслихат хатшысы Қабылан Елеусізов тұрғындарды құттықтап, елге еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға “Кентау қаласының құрметті азаматы” атағын табыстады. Ал қаланың дамуына еселі еңбек еткен азаматтар “Қалаға сіңірген еңбегі үшін” және «Қала жанашыры» төс белгісімен марапаттады.
“ Кентау – көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің тағдырлары тоғысқан, ынтымақтастықтың көрінісін тұрғындардың бірлігі мен тірлігінен байқауға болады. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді» демей ме дана халқымыз. Бәріміз күш біріктіріп, ынтымағымыз артқанда ғана қаламыздың абыройы мен мерейі үстем болып, болашаққа қарымды қадам басатынымызға сенімім мол. Табиғаты әсем, тарихы бай қаламыз гүлденіп, көркейе берсін. Сүйікті қаламыздың жайнай түсуінде Сіздердің әрбіріңіздің қосқан үлестеріңіз зор деп білемін. Осындай мерейлі мерекеде әр отбасына құт-береке, мерекелік жақсы көңіл-күй, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін”,- деді қала басшысы Жандос Тасов.
Айта кетейік, Кентау қаласын көгілдір отынмен қамту 86 пайыздан асқан. Қаладағы жол құрылысы қарқын алып көшені 87 пайыз жолы асфальтанған. Сондай-ақ 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Қала көшелерін толықтай жарықтандыру жұмыстары атқарылуда. Жылу орталығындағы қазандықтарда толықтай құрылыс жұмыстарынан өтуде.
Мемлекеттік «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдарда жол құрылысы қарқын алып, Қарнақ ауылында жаңа мәдениет үйі бой көтеруде. Қалада құрылысты қажет ететін көпқабатты аулалардың ішкі жолдары асфальттанып, автобекеттер орнатылды. Қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары үнемі назардан тыс қалмаған.
Салтанатты марапаттау шарасы қала өнерпаздарының әсем әні мен мың бұралған бишілердің биіне ұласты.