САЙРАМ: АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ІІІ ТОҚСАНДАҒЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0
6

2024 жылдың 22 тамыз күні Сайрам аудандық әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің ІІІ тоқсандағы отырысы өтті.
Аталған жиынға Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Есалиев, қоғамдық кеңестің мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің алқа мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен жетекшілері және «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1.Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының 7 айда атқарылған жұмыстары жөнінде ақпарат.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы баяндама жасап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы 25 сәуірде «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясында айтылған қазір елге қауіп төндіріп тұрған бес кеселге кеңінен тоқталды.
Қоғамдағы нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу, қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі құбылыстардан біржола арылуымыз керек. Бұл – әсіресе, ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды. Біз балалар мен жастарды барынша қорғап, дұрыс тәрбиелеуіміз қажет. Қоғамдық кеселдерді түбірімен жоямыз десек, ортақ іске бүкіл ел болып жұмылған жөн.
Біз жақсылыққа жетеміз десек, жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз қажет.
Ұлы Абай «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деген. Бұл – әрине, ешқашан ескірмейтін, мән-маңызын жоғалтпайтын өсиет – деп, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық құрылымдардың жұмысын үйлестірушісі ретінде алдағы бағыт-бағдарларымен бөлісті.
Іс – шара барысында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп, жиналғандар тиісті деңгейде ұсыныс пікірлерін ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары М.Әліпов – Елдің бірлігі мен бірегейлігін сақтау, өскелең ұрпақ тәрбиелеу, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Қатысушыларды еліміздің ертеңі мен мемелекетіміздің болашағы үшін осы бағытта шаршамай, жүйелі жұмыстарды бірге жүзеге асыруға шақырды.

Leave a reply