САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ МАҚСАТТЫ ТОПТАРМЕН ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС АТҚАРУДА

0
69

«Отбасы – қоғамның іргетасы» деген сөз бар. Отбасы құндылығының артуы, мемлекеттің іргетасының беріктігі – ел демографиясының дамуының негізі. Елімізде әр отбасының құқын қорғап, жекелеген азаматтардың тұрмыстық өміріндегі арыз-шағымын қарайтын, отбасындағы келеңсіздіктерді шешуге әрекеттенетін ұйымдар көп, Мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдарынан бөлек қазіргі таңда әкімдік жанынан құрылған «Отбасы қолдау орталықтары» осы бағытта қызмет етіп келеді.

Қазіргі таңда отбасын қолдау орталықтарының желісі жылдам дамуда. Қазір олардың саны 131-ге жетті. Бұл Қазақстанның әр өңірінде қолдау көрсететін мекеме бар екенін дәлелдейді.

Ресми ақпарат бойынша, Түркістан облысындағы барлық аудан-қалаларда 17 «Отбасын қолдау орталығы» жұмыс істейді.

Отбасы институтын нығайту, әйелдердің құқықтарын қорғау мен балалардың қауіпсіздігін сақтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әлеуметтік қызметтердің сапасын артттыруға бағытталған  орталықтың бірі – Сайрам ауданында орналасқан «Отбасы қолдау орталығы» мекемесі.

Отбасын қолдау орталықтары мемлекеттік отбасылық саясат шеңберінде келесі нақты шараларды жүзеге асырады:

— Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету:

— Отбасылық жанжалдарды шешуге бағытталған психологиялық кеңестер беру;

— Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық қолдау көрсету;

— Құқықтық кеңес беру:

— Неке, ажырасу, алимент, балаға қамқоршылық секілді мәселелер бойынша құқықтық кеңестер;

— Әйелдер мен балалардың құқықтарын түсіндіру;

— Қорғау нұсқамалары және құқықтық көмекке бағыттау.

— Ата-аналық және отбасылық құндылықтарды нығайту:

— «Отбасылық құндылықтар», «Жақсы ата-ана болу» тақырыптарында семинарлар;

— Көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасыларға қолдау көрсету;

— Білім беру және ақпараттық жұмыс:

— Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің, суицидтің, девиантты мінез-құлықтың алдын алу;

— Мектептермен және колледждермен бірлескен іс-шаралар; Әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы отбасылық саясатты насихаттау.

— Мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен серіктестік:

— Жергілікті атқарушы органдармен, полициямен, дағдарыс орталықтарымен бірлескен жұмыс;

Аудандық «Отбасын қолдау орталығы» тарапынан некені сақтап қалу және отбасылық жанжалдарды шешу бойынша  оң нәтиже көрсеткен тәжірибелер де бар. Атап айтқанда, мобильді топтың қатысуымен өмірлік қиын жағдайға тап болған 17 отбасы анықталып, оларға жан-жақты қолдау жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ өмірлік қиын жағдайларға тап болған отбасыларға кешенді сүйемелдеу жұмыстары  психологиялық, құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету арқылы ұйымдастырылуда.

Қазіргі таңда орталықтың араласуымен 4 отбасы уақытша баспанамен  қамтамасыз етілді. Оның ішінде: 3 ана, 9 бала, 1 жасөспірім және 1 қарт кісі бар. Осы тектес тұрмыс тауқіметіне ұшыраған жандармен орталықта нақты 2 психолог, 3 әлеуметтік қызметкер, 1 заңгер жұмыс істейді.

Отбасын қолдау орталықтары – әртүрлі қиындықтағы отбасыларға түсіністік, кеңес және көмек көрсететін сенім мен қамқорлық мекені.

Leave a reply