Адалдық пен еңбекқорлыққа негізделген ұстаздық жол

Жандарова Гүлбану Қуатбекқызы – саналы ғұмырын өскелең ұрпаққа арнап келе жатқан тәжірибелі ұстаз. Ол 1973 жылдың 15 тамызында дүниеге келіп, жас кезінен-ақ қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылығын өмірлік кәсібіне айналдырды. Бүгінде 31 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінде орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетін оқытады. Бұл – тілдің мерейін үстем етіп, жас ұрпақ санасына ұлттық құндылықты сіңірудегі өлшеусіз еңбек.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал азамат» тұжырымдамасында айтылғандай, ұстаздардың міндеті – адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Гүлбану Қуатбекқызы өз ісінде дәл осы қағидаларды басты ұстаным етеді. Оның шәкірттері тек тілдік білім алып қана қоймай, адамгершілік, әділдік пен жауапкершілік құндылықтарына тәрбиеленіп келеді.
Ұстаздың шығармашылық еңбегі мен кәсібилігі түрлі марапаттармен айқындалған. 2020 жылы «Білім әлемі» журналында жаңартылған білім мазмұны бойынша мақаласы жарияланып, жоғары деңгейде бағаланды. Сол жылы «Жаңаша білім беру мазмұнындағы инновациялық технологиялар» тақырыбындағы жұмысы сертификатталды. 2021 жылы «Ана тілі және отбасы» жобасына қосқан үлесі үшін алғыс хат алды. Бұл оның тек пән мұғалімі ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеуші екендігін көрсетеді.
2022 жылы республикалық «Kemenger ustaz/kz» журналынан алғыс хат иеленсе, 2023 жылы «Өрлеу» БАҰО мадақтамасына және халықаралық ғылыми-білім орталығының құрмет грамотасына ие болды. Сол жылы «Жылдың үздік авторы – 2023» шығармашылық байқауында «Оқу сауаттылығы заман талабы» тақырыбындағы еңбегі үздік деп танылып, І дәрежелі диплом алды.
2024 жылы ұстаз еңбегі жаңа биіктермен жалғасты. «Педстарт» қашықтық олимпиадасында, «Педагогикалық идеялар фестивалінде», «Дарынды балаға – талантты ұстаз» кәсіби педагогтер байқауында бірінші орын иеленді. Бұған қоса, НЗМ ұйымдастырған инклюзивті білім беру тәжірибесіне арналған 80 академиялық сағаттық курсты тәмамдап, кәсіби құзыреттілігін арттырды.
Жандарова Гүлбану Қуатбекқызының адал еңбегі мен табандылығы – ұстаздық жолдың шынайы үлгісі. Ол білім беруді ұрпақ алдындағы қасиетті борыш, ел дамуына қосылар үлес деп біледі. Оның әр жетістігі – шәкірттің болашағына жасалған инвестиция, ал адалдығы – жас ұрпаққа бағдаршам іспетті.













