МЕМЛЕКЕТ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАНДАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ?

0
112

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Шухрат Убайдуллаев 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлік субъекті шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын насихаттаған жиында төрағалық етті.

Жиынға облыстық туризм басқармасының қызметкерлері, аудандық емдеу-сауықтыру орталықтары мен қонақ үй басшылары, ауылдық округ әкімі аппараттарының кәсіпкерлік саласына жауапты мамандары және жеке кәсіпкерлер қатысты.

Кездесу барысында аудан кәсіпкерлерінің назарларына келесі мәселелер жеткізілді:

Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;

Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу;

Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау;

Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу.

Кәсіпкерлер де өз тарапынан ұсыныстарын білдірді.

Жалпы, Сайрам ауданында 4 емдеу-сауықтыру, 8 орналастыру орындары, яғни қонақүйлер тұрғындарға және аудан қонақтарына қызмет көрсетуде.

 

Leave a reply