Ұстаздық пен патриоттық үлгісі

0
97

Миркадир Мирхаджиев 1962 жылы 1 желтоқсанда Сайрам ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Каленин атындағы №1 орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1980 жылы мектепті бітірді. Мектепті аяқтаған соң РМЗ зауытында жұмыс істеді. 1981–1983 жылдары Кеңестік армия қатарында қызмет етті. 1983 жылы кәсіптік оқу орнында дәнекерлеуші мамандығын алғаннан кейін қайтадан РМЗ зауытында жұмысын жалғастырды. Сол жерде «Коммунистік еңбектің екпіндісі» медалімен марапатталды. 1984 жылы әскери типті зауытта 2-рота старшинасы болып тағайындалды.

2001 жылы Миркадир Мирхаджиев Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің дене шынықтыру факультетіне оқуға түсіп, 2003 жылы №98 орта мектепте алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәндері мұғалімі ретінде еңбек жолын бастады. 2007 жылдан бастап Шымкент қаласындағы Есекей Юсупов атындағы №15 орта мектепте қызмет атқарды, ал қазіргі уақытта №104 жалпы орта мектептің ұстазы болып жұмыс істейді.

Миркадир Мирхаджиевтің кәсіби және патриоттық қызметі жоғары бағаланды. Ол жергілікті әскери басқару органдарына 90 жыл мерекелік медалімен, Отан қорғаушыларды даярлау жұмысындағы елеулі еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Ауғанстандағы соғыстың 20 жылдығына арналған медальға ие болып, «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын» мадақтамасымен де марапатталды. Ол жастарды әскери-патриоттық және дене шынықтыру бағытында тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін «Айбын» V республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына және «Спорт жұлдыздары» журналы төсбелгісіне ие болды. Сонымен қатар, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін бірнеше мәрте Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталды, соның ішінде «AMANAT» партиясының «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысқаны үшін де бағаланды.

Ұстаздық қызметінде Миркадир Мирхаджиев шәкірттеріне тек білім беріп қана қоймай, патриоттық және әскери дайындыққа ерекше мән береді. Оның өмір жолы жас ұрпаққа патриоттық, адамгершілік және еңбекқорлық құндылықтарын сіңіруде үлгі болып табылады.

Leave a reply