
«Әділет» партиясының Түркістан облыстық сайлауалды штабының өкілдері Төле би ауданында медицина саласының қызметкерлерімен кездесті. Жиынға облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ғалымжан Елшібай қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Кездесу барысында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері сөз болды.
-Партия бағдарламасында әлеуметтік саланы дамытуға, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар ауылдық елді мекендердегі медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту және саланың кадрлық әлеуетін нығайту бағытындағы бастамаларға басымдық беріліп отыр, -деді Ғалымжан Елшібай.
Сондай-ақ, кездесуде медицина қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапты еңбегі, кәсіби біліктілігін арттыру және еңбек жағдайын жақсарту мәселелерінің маңыздылығы да қозғалды.
Жиын ашық пікір алмасу форматында жалғасты. Медицина саласының өкілдері өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды және партия бағдарламасын қолдайтындықтарын жеткізді.













