«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНЫҢ ҰСЫНЫСЫ МЕН ПІКІРІ ТЫҢДАЛДЫ

0
4

«Әділет» партиясының Түркістан облыстық сайлауалды штабының мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Батсу Водоканал» ЖШС ұжымымен кездесті.
Басқосуда еңбек адамдарының қоғамдағы рөлі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, мамандардың әлеуметтік жағдайы мен еңбек құқықтарын қорғау мәселелері сөз болды. Кандидаттар өндіріс орындарындағы жұмысшылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, олардың күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелеріне назар аударды.
«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Алмас Салимов өз сөзінде елдің дамуы адал еңбек пен кәсіби мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар «Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасында еңбек адамының мүддесін қорғау, жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік кепілдіктерді жетілдіру және өндірістік әлеуетті арттыру бағыттарына басымдық берілгенін жеткізді.
Кездесу барысында партия өкілдері бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырып, ұжым мүшелерімен ашық пікір алмасты. Жұмысшылардың ұсыныстары мен көтерген мәселелері алдағы міндеттерді айқындауда маңызды екені атап өтілді.

Leave a reply