Әшімбаев Елбасы туралы сауалға жауап берді

0
119

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Елбасын Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаттағы рөлі туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы infonews.kz сайты хабарлайды.

«Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде саясатқа араласып жатқан жоқ. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Әрине, үлкен жағдайлар болғанда, мысалы референдум сияқты шаралар өткен кезде азамат ретінде, саясаткер ретінде міндетті түрде қатысады. 

Барлық мәселе заңда қалай көрсетілген, сол бойынша шешіліп жатыр. Конституцияға байланысты Президент құқықтары бар. Үкіметтің, Сенаттың, Мәжілістің құқықтары бар. Олардың бәрін заң жүзінде жүзеге асырып жатырмыз. Нұрсұлтан Әбішұлы референдум болған кезде Қазақстан азаматы ретінде өзінің даусын берді. Ол – әрбір азаматтың құқығы. Бірақ саясаткер ретінде, Тұңғыш Президент ретінде Қазақстан саясатына араласып отырған жоқ», – деді Әшімбаев Сенат отырысында.

Leave a reply