«80 миллионға BMW автокөлігін сатып алдым» : Үкімет Ақерке Берлібайдың министр кеңесшісі екенін жоққа шығарды

0
114

Әлеуметтік желіде мәдениет және спорт министрінің ақпараттық жұмыс бойынша кеңесшісі бар екендігі туралы жалған ақпарат тарауда. Министрліктің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты. 

Олардың айтуынша, ақпараттық жұмысты министрліктің баспасөз хатшысы ғана қадағалайды.

“Мәдениет және спорт министрінің ақылы/ақысыз негізде кеңес беретін штаттық/штаттан тыс ақпараттық жұмыс бойынша кеңесшілері жоқ екенін атап өтеміз. Ақпараттық жұмысты министрліктің баспасөз хатшысы ғана қадағалайды. Сырттан адам тартуға қаражат бөлінбейді.

Ақпараттандыру және ақпаратқа әрекет ету бойынша барлық жұмысты тек мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жүргізеді. Біз зияткерлік еңбек туралы айтып отырғандықтан аталған мәселені нақтылау маңызды деп санаймыз”, – делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ақерке Берлібай 80 миллионға BMW автокөлігін сатып алған болатын. Желі қолданушыларын “министр кеңесшісінің” 2020 жылғы қымбат көлікті 270 мың теңге жалақысына қарамастан салоннан сатып алғаны таңқалдырған еді.

Кейіннен “хейтерлердің” шулы ақпаратына Ақерке Берлібай өз жауабын берген еді.

“BMW менің арманым болды. Оны қалай да сатып алу үшін бар ақшамды жинадым. 2020 жылғы көлікті Бавариядан жарты жыл бұрын сауда-саттық бағдарламасы бойынша қайталама нарықтан сатып алдым” – деді ол.

Leave a reply