Мал бордақылап, сүт өндіреді

0
146

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы ұлықтау рәсімінде «ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын» деген сындарлы сөз айтты.

Ауыл шаруашылық саласын дамыту-маңызды міндет. Сансыз баптар жатқан Сайрам ауданы ауыл шаруашылығы көш ілгері дамыған аудан. Қарасу ауылдық округі, Ақбай елді мекенінде орналасқан  “Умарали ата” шаруа қожалығы бүгінде ірі қара мал өсіріп отыр.

Шаруашылық басшысы Мирзали Усманов Умаралиұлының қазіргі таңда екі үлкен қорасы бар. Шаруашылық иелігінде 10 гектар егістік жер, 180 бас сауынды сиыр және 1000 бас ірі қара мал бордақылануда. Шаруашылық жем-шөппен толық қамтылған. Жеке кәсіпкер ауылдың 30 тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылардың айлық табысы 140 теңгені құрайды. Айына 1,5 тонна сүт өндіретін шаруа бұған дейін мемлекеттен ешқандай көмек алмағанын айтады.

Айта кетейік, сүттің тағамдық құндылығы оның пайдалы қасиеттерінің толықтылығын сипаттайды. Барлық өнімдер ішінде сүт — ең толық құнды, ауыстырылмайтын заттары бойынша теңестірілген өнім және барлық  жас категориялары үшін тамақтануда ұсынылатын өнім. Адам организміне қажетті тағамдық өнімдер сүтте жеңіл сіңімді түрде болғандықтан, ол балалар екі қабат әйелдер және аналар тамақтануында, сонымен қатар, кәрі ауру адамдар тамақтануында ерекше орын алады. Ең алдымен, сүт өсіп келе жатқан организм қажеттілігін қанағаттандырады, ол бала организмін дефецитті аминқышқылымен: триптофан, лизин, метионин және гиетидинмен қамтамасыз етеді. Майының химиялық құрамы мен белоктарының өзіндік қасиетіне байланысты сүтті жаңа туылған баланың әлі жетілмеген асқорыту жүйесі қабылдайды. Сүтті қорыту үшін нан белогын қорытуға қажетті асқорыту энергиясынан 3 – 4 есе аз энергия және аз мөлшерде панкреатикалық сөл керек. Сүт барлық дерлік витаминдердің тұрақты және маңызды көзі. Мысалы, салыстырмалы дефицитті В2 витаминінің тәуліктік қажеттілігінің 42%-ы сүт және сүт өнімдері есебінен қанағаттандырылады (ет және балық тек 24 %, дақылдар 17 % ғана қанағаттандырады). Біздің елімізде әртүрлі жануарлардың сүті қолданылады, бірақ кең тарағаны сиыр сүті болып табылады. Ол сүтқоректілердің сүт бездерінде түзілетін биологиялық сұйықтық болып табылады. Сүттің химиялық қасиеті тұрақты емес, ол лактация периодына қоректендіру жағдайына және жануар күтіміне, тегіне, жасына және басқа факторларға байланысты.

 

Leave a reply