«ТҮРКІСТАНДА ЖАСАЛҒАН» АТАУЫМЕН ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

0
114

Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласы. Бүгінде Түркістан қаласында өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді.
Өткен жылы өнеркәсіп саласын қала 25,8 млрд.теңгенің өнімін өндірумен қорытындылаған болатын. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда (22,3 млрд теңгенің өнімі) 4,7 пайызға артқан.
Шаһарда бүгінде 126 кәсіпорын кәсіптік нысан жұмыс жасауда. Онда 23 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтамасыз етілген.
Аталған ірі кәсіпорындардың бірі – Asia Brend жиһаз өндіретін фабрикасы. 1,5 гектар жерде орналасқан нысан жылына 22 мың жиһаз дайындап, «Түркістанда жасалған» атауымен шетелге экспорттауда.
Жалпы 150 адамды жұмыспен қамтып отырған фабриканың жылдық тауар айналымы 1 млрд теңгеден асады.
Отандық өнімді бүгінде түркістандықтар ғана емес, Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда және Тараз қалалары тұрғындары тұтынып, Ресей мен Қырғызстан нарығында сатылымға қойылған.

Leave a reply