БӘЙДІБЕКТІК КӨПБАЛАЛЫ АНА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН НАУБАЙХАНА АШҚАН

0
73

Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауыл округінің тұрғыны Айғаным Қабылбекова «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында кәсіп бастаған. Көпбалалы ана бағдарлама арқылы 7 млн теңге несие алып, наубайхана ашқан. Бұл қаражатқа кәсіпкер өндіріске қажетті заттар сатып алған. Бүгінде ол күніне 400 дана нан пісіріп, ауыл тұрғындарын қамтып отыр. Бір нанның бағасы 130 теңге көлемінде.

«Пилоттық жоба аясында несие алып, кәсібімізді дөңгелетіп отырмыз. Алған қаржыға екі газ плитасын, арнайы қондырғылар мен тоңазытқыш сатып алдық. Күнделікті өнімдеріміз ауыл-аймақ пен балабақшалардан артылмайды. Одан бөлек, арнайы тойға да тапсырыс аламыз. Кейде көршілес ауыл тұрғындарына да тапсырыс береді»,- дейді кәсіпкер.

“Ауыл аманаты” пилоттық жобасының басты мақсаты — ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру.
Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған және несиелер ағымдағы жылдың маусым айынан бастап берілуі жоспарланып отыр.Бағдарлама адамдардың тұрақты табыс жолына түсуіне бағытталған. “Ауыл аманаты” пилоттық жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады.

«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. – несие/микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейін; – несиенің/микронесиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша айқындалады; – номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз, кепілмен қамтамасыз ету. Мұндай несиенің халыққа пайдалы болары анық. Сондықтан да ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін бұл – үлкен мүмкіндік.

Leave a reply