ЖЫЛҒАДА «АУЫЛ- ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

0
95

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнай іссапарымен барып, «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылады.
Мердігер мекеме «Таймас Company» ЖШС-нің тарапынан нысанның бетон құю және темір колонналарын орнату, қабырғаларын қалау екінші қабатқа көтерілетін баспалдақтарына бетон құю жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда, футбол алаңшасының еденіне бетон құю жұмыстары толығымен аяқталып, нысанның сыртқы сендвич панель орнатылуда. Атқарылған құрылыс жұмыстарын саралаған аудан басшысы жұмыс қарқынын күшейте отырып, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді керектігін ескертті, сондай-ақ, ауыл әкіміне мен жауапты бөлім басшысына жұмыс барысын үнемі назарда ұстауды тапсырды.

Облыс әкімі өз сөзінде:«Ауыл – Ел бесігі» жобасы – мемлекет тарапынан ауылдарды дамытуға арналған үлкен мүмкіндік. Қаржы бөлінген, бірақ кейбір аудандарда ол қаржы игерілмей отыр. Жұмысты үйлестіре алмай отырсыздар. Тиісті жұмыстарды жедел атқарып, инфрақұрылымды жақсартып алу қажет. Екіншіден, осы жоба жүзеге асыру тиімділігін арттыру үшін жаңа ұсыныстар беріңіздер. Бәлкім, бір елді мекенді белгілеп, оның барлық мәселесін шешіп қана келесі елді мекеннің инфрақұрылымына кірісерміз? Жұмысты жандандыру үшін өзгерістер енгізуді қарастыру керек. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында бектілген индикаторлардың сапалы және мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді, мемлекеттік сатып алу конкурсын шұғыл түрде аяқтап, келісімшарт жасауды тапсырамын. Апта сайын мониторинг жасалып, бекітілген жоспар толық орындалсын. Осы және өзге де мәселелер бойынша күзде аудандарда тағы да мәжіліс өткізіліп, индикаторларды орындамаған басшылардың мәселесі қаралады», – деді Дархан Сатыбалды.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 3,5 мың ауыл толық жаңғыртылды.2019-2022 жылдары республикалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлініп, 3,7 мың жоба іске асырылды. Атап айтқанда, 334 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысаны, 1,2 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысаны және 2,2 мың көлік инфрақұрылымы нысанын жаңадан салуға және жөндеуге мүмкіндік берді, шамамен 30 мың жұмыс орны құрылды. 2023 жылы министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп 736 ауылдық елді мекенде 143 млрд теңге сомасына 1,5 мың жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.Оның ішінде 102 млрд теңгесі жалпы сипаттағы трансферттерде есептеліп, жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына берілді.

Leave a reply