ШАРДАРАДА ФУТБОЛ ЖӘНЕ БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

0
96

Шардара ауданындағы Көксу ауылында жергілікті тұрғындар мен жеке кәсіпкерлердің қолдауымен жабық футбол алаңы қолданысқа берілді. Одан бөлек, балаларға арналған ойын алаңшасы ашылды. Шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, ізгі тілегін жеткізді.

«Көксу ауылының тұрғындары мен жаны жомарт азаматтардың демеуімен ауыл балаларына арналған жаңа футбол алаңы мен ойын алаңшасы ашылып отыр. Жаңа спорт алаңының ашылуына қомақты үлес қосқан азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін. Бұл нысан ең алдымен жастарымыздың салауатты өмір салтын ұстанып, уақыттарын тиімді өткізуіне себепші болады. Осы алаңнан елімізді әлемге танытатын чемпиондар шыға берсін», – деді Арман Романұлы. Шара соңында демеушілік танытқан бірқатар азаматтар мен жас спортшылар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Leave a reply