Четверг, 19 сентября

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЖАҢА ФУТБОЛ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

0
77

Сауран ауданындағы Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ибата елді мекенінде футбол алаңшасы ашылды. Шарада ауыл әкімі Тахир Абдаев құттықтау сөз сөйлеп, спорт алаңы ауыл халқының игілігіне қызмет ететінін айтты. Сондай-ақ, ауыл ақсақалдары осындай игі істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғыс білдірді.

Ашылу салтанатында жастар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында кіші футболдан Жаңа Иқан ауылдық округі әкімінің кубогы өтті. Оған аудан аумағынан 10 команда қатысып, өзара бақ сынады. Жарыс нәтижесінде Жаңа Иқан командасы жеңімпаз атанса, Ескі Иқан ауылынан келген «Иқан жастары» командасы — екінші, М.Юлдашев атындағы спорт мектебі командасы — үшінші орынға ие болды.

Leave a reply