ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ШАРУА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛҒА АЛҒАН

0
101

Қазығұрт ауданының тұрғыны Абдуманап Бекмұрзаев қызанақ өсірумен айналысады. Кәсібін дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-бен 8 млн теңге несие алған. Шаруа алғашында 15 соттық жерін өз қаражатымен дайындаған. Бүгінде қызанақтары түйіндеп, бір-екі айда өнім бермек.
Бүгінде ауылдық жерде кәсіп бастаған тұрғындар қатары артып келеді. Қазір «Ауыл аманаты» жобасымен өңдеу саласына қатысты жобаларға және өсімдік шаруашылығын дамыту ісіне қаржылық қолдау алуға болады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау мен мал шаруашылығын дамыту салаларына да қолдау бар.

Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін жедел шешу мақсатында Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесіп, бүкіл Қазақстан бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске қосылған.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен оның қосылған құнын арттыру, кооперативтерді дамыту стратегиялық міндет екенін атап өтті. «Ауыл аманатына» дайындық барысында әр ауылдық округ бойынша скрининг жүргізіліп, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың нақты санының нақтылануының арқасында облысымыз бүгінде Президенттің ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындауға дайын. Жобаның ерекшелігі – қолма-қол ақшамен қатар тауарлық несие беру.Бұл біздің ауылдарды көтеруге көмектесетін нақты қадамдар. Жамбыл облысының 11 ауылдық округінде жобаны пилоттық түрде іске қосу нәтижесінде ауылдардағы орташа айлық табыс 1,7 есеге, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3 есеге, жұмыссыздық деңгейі 36 адамға қысқарды. «АМАNАТ» партиясы мен Үкіметтің міндеті – «Ауыл аманаты» жобасын республика бойынша ауқымды ету. Сондай-ақ тұрғындарды жобаның барлық артықшылықтары туралы дұрыс ақпараттандыру маңызды.

Leave a reply