Кентауда «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда?

0
64

Кентау қаласы Хантағы ауылында “Ауыл — ел бесігі” бағдарламасы аясында 8,3 шақырымды құрайтын жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Хантағы, Үсенбаев, Қаратау, Иманов, Достық, Н.Төреқұлов көшелеріне асфальт салу шаралары да бастау алды.Бұдан бөлек, қалаға қарасты Ащысай ауылындағы 4 көшеге дәл осы бағдарлама аясында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, ауылдағы көше жарықтарын ретке келтіру бойынша бағаналар ауыстырылады.

Айта кетейік, Кентауда бұған дейін көшелерді жарықтандыру және қайта жаңғырту мақсатында жалпы құны 127,8 млн. теңгеге 85 көшеге 1270 дана жарық шам, 200 дана жарық бағаналар орнатылды. Нәтижесінде қала көшелерінің жарықтандырылуы 90 пайызға жеткізілді.2023 жылы Кентау қаласының барлық көшелерін толық жарықтандыру жоспарланған. Жоғары айтып өткен «Ауыл – ел бесігі» атты бағдарлама аясында атқарылар шаруалар осы бағыттағы жұмыстарды ширата түспек.

Бүгінде Кентауда жалпы ішкі жолдар 268 көше, 173,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде, асфальт 175 көше немесе 77,3%, қиыршық тас 88 көше немесе 19,0% және топырақ 5 көше 3,7% құрап отыр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша айтар болсақ ішкі жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 9,4 % өсіп, 86,7 % жеткізілді. Атап айтқанда, 46 көше жөндеуден өткізілді.

МЖӘ (ГЧП) аясында 2020-2025 жылдары аралығында 128 көшені жөндеуден өткізу және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында –80,7 млн теңгеге Қарнақ ауылында да 10 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

2023 жылға308,5 млн.теңгегеосыжоба аясындаХантағы және Ащысайауылдарында 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Өткен жылы субвенция есебінен 259,2 млн. теңгеге қаланың 7 көшесі жөндеуден өткізілді. Биылғы жылы 242,3 млн.теңгеге қаланың 3 көшесін, 4,8 шақырым жолдарды жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Республикалық бюджеттен, «Шұғыла» мөлтекауданының көшелеріне – 2022 жылы 164,5 млн. теңге,2023 жылы 642,8 млн.теңге қаралған.

Реті келге тілге тиек ете кетейік, биылдан бастап облыстағы елді мекендердіңң сапалы инфрақұрылыммен қамтылуына ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Бұрын-соңды болмаған бұл шара барысында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту саласы егжей-тегжейлі сараптамадан өтеді. Нәтижесінде облыс аумағындағы елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді.

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің баяндауынша, биыл халықты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жалпы құны 47,2 млрд. теңге болатын 71 нысанның құрылысы жүргізілуде. 2023 жылы 40 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған, қалған 31 нысанның құрылысы келер жылға өтпелі. Нәтижесінде жыл соңына дейін 47 елді мекендегі 122,3 мың тұрғын сапалы жарықпен қамтылады.

Leave a reply