Wednesday, October 30

ТҮРКІСТАН: АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛІП, ӘНҰРАН ШЫРҚАЛДЫ

0
2


Бүгін Түркістанда қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.
«Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев пен Ауған соғысы ардагерлері қатысты.
Салтанатты шарада Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, облыс әкімінің алғыс хаттары мен облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталары, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының алғыс хаттары, сондай-ақ атаулы күннің естелік белгілері табысталды.
Шарада алдымен Мемлекеттік Әнұран щырқалып, Ауған соғысы ардагерлері туралы бейнематериал көрсетілді. Кеш барысында Шымкент горнизонының әскери оркестрі, «Семсер» тобы, Райым мен Дана дуэті, «Яссы» би ансамблі және мәдениет үйі әншілері өнер көрсетті.
Бейбіт күнде мыңдаған жастың өмірін қиып, 10 жыл бойы халықты үрейге бөлеп, жазықсыз жандардың жүрегін жаралаған Ауған соғысында жүздеген қазақстандықтар құрбан болды. 1986 жылғы ақпанында өткен съезде М.Горбачев Кеңес әскерін бөлім-бөлімімен ауған жерінен шығару жөнінде шешім қабылдап, 1989 жылдың 14 ақпанында соңғы әскери техника Ауған жерінен шығарылды.
Ауған соғысына 22 мыңнан астам қазақстандық, оның ішінде 2186 оңтүстік сарбаз қатысып, оның 68-і қаза тауып, 1-і із-түссіз жоғалған.
Облыс орталығында бүгінде 147 ауған соғысы ардагері бар. Оларға қала бюджетінен 50 АЕК (120 мың 750 теңге) көлемінде бір реттік қаржы аударылды.

Leave a reply