Thursday, November 21

САЙРАМ: СЕССИЯДА КӨТЕРІЛГЕН КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
4

Ақбұлақ ауылында орналасқан ауылдық мәдениет үйінде «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, күн тәртібіндегі Түркістан қаласында 21.05.2024 жылы өткен «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясындағы тапсырмаларды насихаттау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аудандық Медиация кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысына Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Оразбаев Мұрат Жақсымбетұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалы басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы, аудандық Ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі Әлібек Байназар Ыбырайымұлы, Қоғамдық кеңестің мүшесі Серікбаев Батырбек Қадырбекұлы, кәсіби медиатор Даванова Сайера Мирзалиевна, қоғамдық медиаторлар және ауыл тұрғындары қатысты.
Кеңес отырысында «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларында айтылған негізгі мәселелерге тоқталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалы¬ғымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаз¬дық. Өрлеу» атты ХХХІІІ және «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиялары өтті.
Мақсат-мұраты биік болса, елдің рухы да биік болады. «Адал азамат» болу аса маңызды. Бір сөзбен айтсақ, келеңсіз үрдістерден жай ғана жирену жеткіліксіз. Оны жоюға да белсене атсалысу керек – деді.
Қоғамдық кеңестің мүшесі Б.Серікбаев өз сөзінде: Мемлекеттік саясат¬тың басты өзегі және жалпыұлттық біре¬гей¬лікті нығайтатын негізгі фактор – Бірлік. Ортақ Отанымыздың тағдырына жанашырлығымыз біздің азаматтық сана-сезіміміздің өзегі болып қала береді. Ал ұлттық толеранттық, өткен заманның дәстүрлеріне және түрлі мәдениетке деген құрмет, мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді білу – Қазақстан азаматтарына тән қасиеттер – деп өз ойымен бөлісті.
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі М.Оразбаев: Ата заңымыздың әрбір сөзін бұлжытпай ұстануымыз қажет. Заң мен тәртіптің әрдайым және барлық жерде сақталуы, заң үстемдігінің сөзбен де, іспен де орнығуы маңызды. Біздің міндетіміз – қоғамда өзара құрмет пен сенімді нығайта түсу. Ассамблеяның осы күрделі мәселеге байланысты атқарып жатқан қызметі айрықша маңызды – деді.
Кездесу соңында ауданымыздың қариясы Байназар Әлібек Ыбырайымұлы бата беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Leave a reply