
Қазақ әдебиеті мен руханиятына ауыр қайғы келді. Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, аса көрнекті ұлт ақыны, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай өмірден өтті.
Исраил Сапарбай қазақ поэзиясының көкжиегін кеңейткен, халық жүрегіне жол тапқан лирикалық өлеңдердің, мәні терең драмалардың авторы ретінде ел есінде қалады.
Халқы сүйген, елі ардақтаған ұлт перзентінің жаны жәннатта, иманы саламат болсын!