ТҮРКІСТАН: ДӘРІГЕРЛЕР ӘУЛЕТІ

0
45

Мамандықты дұрыс таңдаудың өмірлік бағытың мен келешегіңе тигізетін әсері мол. Әсіресе, ол қоғамымыздың ең құнды байлығы- адамдар денсаулығына қатысты болса, тіптен маңызды. Түркістан облысында жалпы тәжірибелік балалар дәрігері Исамиддин Нұриддинұлы мен мейірбике Тажинса Жумашқызы Омаровтар отбасын білмейтін жан кемде-кем.

Оларды түркістандықтар адамдар денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек дәрігерлер әулеті деп біледі, құрметтейді. Өкінішке орай, Исамидлин Нуриддинұлы 61 жасында, 2012 жылы дүниеден өтті. Алайда, Тажинса Жұмашқызы екеуі тәрбиелеп- өсірген алты перзент бірдей ата-ана жолын қуып, қиындығы мен жауапкершілігі мол дәрігерлік мамандықты таңдады. Яғни, бір отбасынан сегіз адам — тұрғындардың денсаулық күзетінде тұрды деген сөз. Тағы бір ерекшелігі, әрқайсысы медицинаның әр саласында. Сабохат Исамиддинқызы дәрігер-терапевт, Садохат Исамиддинқызы балалар хирургы, Муножат Исамиддинқызы акушер-гинеколог, Шахсанам Исамиддинқызы көз дәрігері, Дильнура Исамиддинқызы дәрігер-неонатолог, Эльнура Исамиддинқызы — резидент-дәрігер. Өз мамандығына деген не деген сүйіспеншілік! Өздері ғана мамандыққа адалдық танытып қоймай, алты бірдей перзентінің медицинаға сүйіспеншілігін оята білген. Ал, бүгінгі біздің мақаламыздың негізгі кейіпкері акушер-гинеколог Мунажат Исамиддинқызының өмірлік серігі Азиз Саитов та — дәрігер реаниматолог-анестезиолог. Сөз жоқ, кез келген дәрігер — адам тағдырына жауапты. Алтын құрсақ аналар денсаулығын сақтау жолында еңбек ететін акушер-гинекологтың міндеті тіптен ауыр. Сондықтан да, түркістандықтар « Авиценна» ЖШС- нің акушер- гинекологы, Қ.А.Яссауи университетінің түлегі, С.Асфендияров атындағы медицина институтының акушерлік-гинекологиялық, соның ішінде балалар гинекологиясы резидентурасын үздік бітірген, алты тілді жетік білетін Муножат Исамиддинқызы Омарованы жастығына қарамай бүгінгі таңға дейін жеке өзі бес жүзге жуық ота жасаған, бес мың отаға ассистент болып қатысқан білікті дәрігер деп біледі. Қазақстан медицинасында өз орындары бар, тәлімгер-ұстаздар, акушер-гинеколог, онкогинеколог, медицина ғылымдарының кандидаты Нұржан Талғатбекұлы Махмутовтың, хирург- дәрігер, акушер-гинеколог, доцент Абай Амантайұлы Түймебаевтың алдынан тәлім алған Муножат Исамиддинқызына ем қабылдап, ота жасатқан сырқаттардың айтар алғысы шексіз. Сөз орайы келгенде айта кетейік, Ескі Иқан ауылына орналасқан, «Авиценна А» клиникасы 2019 жылы ашылып, 2022 жылы стационар болып кеңейтілді. Стационарда ағымдағы жылдың наурыз айынан бері гинекологиялық аурулардың барлық түрлеріне ота жасалуда. Қолы жеңіл дәрігер, мейірімді жүрек иесі бақылауындағы науқастарға жауапкершілікпен қарап, сауығып кеткенше байланысын үзбейді. Емі шипалы денсаулық сақшысы Муножат Омарованың денсаулық сақтау саласындағы еңбегі табысты болғай!

Роза НАРЫМБЕТОВА.

Leave a reply