ТҮРКІСТАН: МЕДИЦИНА САЛАСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

0
39

Түркістан қаласында денсаулық сақтау саласы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған басым бағыттардың бірі болып қала бермек. Қаланың қарқынды өсіп, тұрғындар санының артуы бұл саладағы инфрақұрылым мен қызмет сапасын үнемі жетілдіруді талап етеді. Осы ретте 2025 жылдың алғашқы бес айында бұл бағытта нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Қазіргі таңда қалада барлығы 18 медициналық мекеме тұрғындарға қызмет көрсетуде. Оның ішінде 1 мемлекеттік емхана, 2 көпбейінді аурухана және 11 жекеменшік емхана жұмыс істейді. Сонымен қатар, бірқатар басқа да медициналық қызмет көрсететін мекемелер өз жұмысын жалғастырып келеді. Бұл қала тұрғындарының алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жедел әрі қолжетімді түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік және жекеменшік сектордың тиімді үйлесімі Түркістанда денсаулық сақтау қызметінің сапасын арттыруға ықпал етуде. Әсіресе, жекеменшік емханалардың көбеюі тұрғындарға таңдау мүмкіндігін ұсынып, бәсекелестік арқылы қызмет сапасының жақсаруына әсер етуде. Бұл ретте халыққа дер кезінде диагностика жасалып, қажетті ем-дом алу мүмкіндіктері арта түсті. 2025 жылы қалада жеке инвестиция есебінен ірі медициналық жоба қолға алынуда. Жаңа емхана мен оңалту орталығының құрылысы басталған. Бұл заманауи медициналық кешен болашақта 27 мың тұрғынға сапалы қызмет көрсетуге бағытталып отыр. Медициналық жабдықтармен толық жарақтандырылған бұл мекеме диагностикалық, емдеу және оңалту қызметтерін бір жерде көрсетуді көздейді. Мұндай орталықтың ашылуы Түркістандағы медициналық инфрақұрылымды жаңа деңгейге көтермек. Жалпы алғанда, денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар – тұрғындарға медициналық көмекті қолжетімді, сапалы және кешенді түрде ұсынуға бағытталған. Қалада салынған жаңа нысандар, жекеменшік сектордың белсенділігі, жеке инвестицияның тартылуы – мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартуға және әлеуметтік жағдайын тұрақтандыруға бағытталған маңызды қадамдар. Түркістан денсаулық сақтау саласын дамыту арқылы тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында нақты нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

 

Leave a reply