КЕРЕК КЕҢЕС: ДЕЗИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР — 2
Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу; мал шарушылығында – қораларды, көң-қоқысты тазалап отыру, дәнді дақылдарды күнге кептіріп алу, т.б.
Залалсыздандырудың тәсілдері:
- Механикалық залалсыздандыруда үй ішін шаңсорғышпен тазалап, сабындап жуып, желдетеді, мал қораны су шашып сыпырады, мал тұрағының құрал-жабдығын тазартады.
- Физикалық залалсыздандыруда ультракүлгін, радиациялық, лазерлік сәулелермен, ультра дыбыспен өңдейді, қайнату, өртеу, бумен немесе ыстық ауамен өңдеу, т.б. пайдаланылады.
3.Химиялық залалсыздандыруда қышқылдар мен сілтілер, формалин, хлор, хлорлы әк, натрий хлориді, хлорамин, фенол препараттары, тотықтырғыштар, т.б. қолданылады.
Мал шаруашылығында қораларды, топырақты, суды, жиналған садыраны, көңді, өсімдік шаруашылығында тұқымды, екпе көшеттерді, топырақты, қоймаларды, т.б. залалсыздандырады. Мал қораларын залалсыздандыру:
1) шаруашылық жұқпалы аурудан аман болған жағдайда – малды жайылымға шығарған соң, көктемде;
2) мал қолға қарайтын кезде – күзде жүргізіледі. Залалсыздандыру шараларының көлемі, қолдану тәсілдері және тиісті дезинфекциялық ерітінділерді таңдап алу жұқпалы аурудың берілу механизміне, қоздырғыштың төзімділігіне, өңдеуге алынған заттардың қасиетіне және санына, тұрғын үй мен мал қораның көлеміне қарай таңдап алынады. Залалсыздандыру жұмыстарын келісімшарт бойынша санитарлық-эпидемиологиялық немесе дезинфекциялық станциялардың қызметкерлері атқарады.
Байзақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Сіздерді хабардар етеді. Ауданның сауда желілерінде сатуға шектеу қойылмаған дезинсекция (инсектицидтер, акарицидтер, инсектоакарицидтер) дезинфекция және дератизация құралдары орналасқан. Көрсетілген құралдар құрамында қауіптілігі 3-4 сыныптағы химиялық заттар болуы мүмкін және қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда адам денсаулығы мен қоршаған ортаға елеулі зиян келтіруі мүмкін.Уланудың алдын алу және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтау мақсатында:
1.Пәтерлерді дезинсекциялық, дератизациялық және дезинфекциялық өңдеуді дербес жүргізуге болмайды. Осы мақсаттар үшін қажетті жабдықтары мен жеке қорғаныс құралдары бар мамандандырылған ұйымдарды тарту қажет.
- Пәтерді өңдеуден бұрын көршілес пәтер тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі мен өткізу уақыты туралы хабардар ету қажет.
- Дезинсекциялау, дератизациялау және дезинфекциялау құралдарын қолданбастан бұрын олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұрату, сондай-ақ, көрсетілген орталардың қаптамасының таңбалануын зерттеу.
Мәлімет үшін: міндетті мемлекеттік тіркелімге жататын дезинсекция, дератизация және дезинфекция құралдары Мемлекеттік тіркеу туралы барлық тіркелген куәліктер «Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімі» базасында бар және http://www.eurasiancommission.org/ сайтында орналасқан.
Құралдардың қаптамасына салынған таңбалауда мынадай ақпарат болуы тиіс: құралдың атауы, оның қолданылуы, салмағы (көлемі), дайындаушының атауы және мекен-жайы (басқа мемлекеттің аумағында дайындалған жағдайда ҚР аумағындағы наразылықты қабылдайтын уәкілетті тұлға көрсетіледі), негізгі сақтық ережелерінің қолданылуы. Сондай-ақ, таңбалауда мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі.
Қауіпсіздік техникасы мен құралдарды жүргізу ережелерін бұзу адамның денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екендігін есте сақтау маңызды.
Егер, пәтерлерді өңдеу тұрғындарды қауіпсіздік шаралары туралы хабардар етпей жүргізілсе, учаскелік инспекторды шақыру керек, иістер пайда болған кезде ТЖ қызметін шақыру керек. Бірінші симптомдар пайда болған кезде дереу дәрігерге бару керек.
А.РАХИМБАЕВА,
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.












