
Тәуелсіз Қазақстанда отбасы саясаты мемлекеттің барлық әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер енгізілген болатын. Осы қысқа уақытта отбасы институтын нығайту, отбасыларға кешенді қолдау шараларын көрсету мақсатында Отбасын қолдау, отбасылық жанжалдарды шешу және балалары бар әйелдерге уақытша тұру орталықтары құрылды.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды жедел анықтауға және оларға көмек көрсетуге мүмкіндік беретін отбасының цифрлық картасы әзірленіп, енгізілді.
Сайрам ауданының Отбасын қолдау орталығы мамандары әр отбасыға кешенді қолдау шараларын көрсету аясында Қарабұлақ ауылындағы «Тоқаев» ЖШС жеке меншік мектебінде ата-аналармен кездесіп, отбасы тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесудің басты мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, сонымен қатар қоғамда жиі кездесетін теріс әрекеттердің алдын алу еді. Жиында мамандар буллингтің алдын алу, ерте жүктіліктің салдары, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, сондай-ақ құмар ойындардың зияны туралы кеңінен сөз қозғады.
Олар ата-аналарға балалармен ашық және сенімді қарым-қатынас орнатудың маңызын түсіндіріп, қиын жағдайлардың алдын алуға бағытталған практикалық кеңестер ұсынды.
Кездесу соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасты. Мұндай шаралар ата-аналар мен мамандар арасындағы байланысты нығайтып, бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады.
Статистикалықмәліметтер бойынша, 2025жылдың7айында кәмелетке толмағандардыңқатысуымен жасалған 69қылмыстіркелген.Осығанбайланысты «Түркістаноблысынқолдаупсихологиялықорталығы» КММ,сондай-ақ тиістіміндеттердіорындайтын17аудандықжәнеқалалық»отбасынқолдауорталығы»КММқұрылды.Бұлорталықтарөмірлікқиынжағдайға тап болған азаматтарға жан-жақтыкөмек көрсетеді.Жыл басынан бері17орталыққа3800-ге жуықөтініш келіп түсті, 5000-нан астамтүрліқызметтер көрсетілді.Отбасынқолдауорталықтарындабіліктімамандар жұмыс істейтін284,5штаттықбірлік бекітілді.












