«Әділет» партиясының Түркістан облыстық филиалының сайлауалды штабы Сарыағаш ауданында бірнеше кездесу өткізді

0
2

Өңірдің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы және жарқын болашақ – маңызды міндеттер. Осы мақсатта «Әділет» партиясының Түркістан облыстық филиалының сайлауалды штабы Сарыағаш ауданында бірнеше кездесу өткізіп, алдағы бес жылға арналған нақты жоспарларын таныстырды.
Кездесуде 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасының негізгі басымдықтары мен өңір дамуына бағытталған міндеттер талқыланды.
Облыстық филиал төрағасы, сайлауалды штаб жетекшісі Алмас Салимов бағдарламаның негізгі басымдықтарына тоқталып, ауылдарды дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелерін атап өтті.

Тапсырыс беруші: Салимов А.А.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

 

Leave a reply