ТҮРКІСТАН: ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДАН САҚТАНУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ КЕПІЛІ ОЛ – ВАКЦИНАЦИЯ

0
44

 

Бүгінгі күнге жұқпалы аурулардың алдын алу вакцинация ең маңызды және тиімді шара болып табылады.Вакцинаның көмегімен жұқпалы аурулардың берілуін шектеп , мүгедектік пен өлім жағдайын алдын алуға болады. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген жөн. Дамыған елдерде балада екпенің болмауын, ананың балаға салғырт қарауы деп танылады. Бізде ата-аналар балаларды ектіруге қорқа бастады, тіпті кейбір отбылар ектіруге қарсылық білдіреді. Егуден бас тартудың себебі бұқаралық ақпарат құралдарында таралған екпе туралы жағымсыз мәліметтерге байланысты. Жиі екпеден бас тартудың нәтижесінде вакцинамен алдын алынатын жұқпалы аурулар жоғарылауда.Кез келген екпе сырқаттанғанға қарағанда 100 есе қауіпсіз!

Бірқатар ата-аналар балаға дұрыс күтім жасап, науқас баладан алшақтатса, жақсы тамақтандырса, денені шынықтырса екпе қажет емес деп санайды. Алайда бұл жұқпалы аурулардан сақтануға кепілдік бере алмайды.40-45 жыл бұрын полиомиелит ауруы миллиондаған ата-ананы және тәжірибиелі дәрігерлерді қорқынышта ұстады, өйткені жыл сайын 100 мыңдаған баланы мүгедекке айналдырды. Ең қауіпті қызылша жұқпасына қарсы күресте ғалымдар тағы бір жеңіске қол жеткізді. Кейбір кезде сырқаттанушылық көрсеткіші туу көрсеткішіне сәйкес келген, яғни қанша бала туылса соның барлығы қызылшамен сырқаттанған.

Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау мақсаты – онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру арқылы қатерлі ісіктердің ауыртпалығын төмендету. Осылайша, Қазақстан адам папилома вирусына қарсы иммундау бағдарламасы жоспарлы негізде енгізілген әлемнің 135 елінің қатарына енді. Адам папилома виусына қарсы вакцинациялау 11 жастағы қыздарға 6 ай аралықпен екі рет егіледі. Адам папиллома вирусы қатерлі ісіктің пайда болуына себепкер болуы мүмкін. Адам папиллома вирусы шырышты тері арқылы немесе теріден теріге байланыс арқылы беріледі. Иммунитеттің дамуын жоғарылату үшін көбінесе 2, 3 қайтара егу қажет. Толық иммунитет 95% иммундаумен қамтылғанда ғана пайда болады. Әрбір бала иммундаумен қамтылуы тиіс. Қалып қойған вакцинаны балаларыңызға ектіруге шақырамыз. Мұқият ойланыңыз! Егуден бас тартқан жағдайда егілмеген балаларды қаншама қауіп қатер күтіп тұрғанын, оған тек ата-ана жауапты екенін ұмытпаңыздар. Жұқпалы аурулардан сақтанудың ең тиімді кепілі ол – вакцинация.

Р.Б.ТАСЫРБАЕВ,

Түркістан қалалық емханасының Бас дәрігері.

Leave a reply