Ж. ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
4

Ел болашағы, өңірдің дамуы және халықтың талап-тілегі – әрбір маңызды кездесудің өзегіне айналған өзекті тақырыптар. Осы бағытта Ж. Тәшенев атындағы мектеп ұжымымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге қатысқан Түркістан облыстық мәслихатының №4 бірмандаттық сайлау округінен депутаттыққа үміткер Сулейменов Баймахан сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарымен таныстырып, өңірдің дамуы, білім беру саласы және қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Мектеп ұжымы тарапынан ұсыныстар мен тілектер айтылып, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі тапсырмалар таныстырылып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар туралы ақпарат берілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, еңбек ұжымының ұсыныстары мен көзқарастарын тыңдауға мүмкіндік берді

 

Тапсырыс беруші: Салимов А.А.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave a reply