БІЛІМ САПАСЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

0
1

Сауран ауданындағы Яссауи жалпы білім беретін мектебінде «Әділет» партиясы Сауран аудандық филиалының өкілдері педагогикалық ұжыммен кездесті.
Жиынға партияның аудандық филиалының басшысы Сағынбек Асылбеков, Түркістан облыстық мәслихатының №4 бірмандаттық сайлау округінен депутаттыққа үміткер Баймахан Сүлейменов, №13 округтен үміткер Ахтамхан Ахтамов және №14 округтен үміткер Шарапов Хуршид Бахтиярұлы қатысты.
Кездесуде үміткерлер білім беру саласын дамытуға қатысты нақты міндеттерін атап өтті. Атап айтқанда, мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға ықпал ету, заманауи оқу құралдарымен қамту мәселесін көтеру, педагогтердің әлеуметтік қолдауын күшейту, ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды тиісті органдар алдында көтеру және олардың орындалуына қоғамдық бақылау жасау бағыттарын сөз етті.
Педагогтер өз ұсыныстарын ортаға салып, білім саласындағы өзекті мәселелерді жеткізді. Үміткерлер айтылған ұсыныстарды назарға алып, оларды шешу жолында жүйелі жұмыс жүргізудің маңызын атап өтті.
Сонымен қатар жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары таныстырылды. Әсіресе білім беру жүйесін жетілдіру, адами капиталды дамыту, жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау және педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру мәселелеріне тоқталды.
Ұстазды қолдау – сапалы білімге, ал сапалы білім – жарқын болашаққа бастар жол.

Leave a reply