Воскресенье, 29 ноября

САУРАН: Т. АЙТЖАНОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
4

Халықпен ашық диалог орнатып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында Т. Айтжанов атындағы мектеп ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының №4 бірмандаттық сайлау округінен депутаттыққа үміткер Сулейменов Баймахан Тоймаханұлы қатысты.
Жүздесу барысында үміткер сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, өңірдің әлеуметтік дамуы, білім беру саласы және қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар жиын соңында Президент Жолдауында көтерілген өзекті мәселелер сөз болып, ел дамуына бағытталған маңызды бастамалардың мәні түсіндірілді.
Мектеп ұжымы өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, толғандырған сұрақтарын қойды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті.

 

Тапсырыс беруші: Салимов А.А.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave a reply