
Бүгін Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектебінде «Әділет» партиясы Отырар аудандық филиалының «Ақтөбе» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша мазмұнды іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтар мен алдағы кезеңге арналған міндеттер кеңінен талқыланды.
Жиында арнайы баяндама оқылып, Жолдаудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, білім беру саласын жетілдіруге, адами капиталды дамытуға, цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізуге, инфрақұрылымды жаңғыртуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды бастамаларына назар аударылды.
Сонымен қатар қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, көтерілген мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Әсіресе білім беру саласындағы өзгерістер, педагогтердің кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасау, жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туғызу мәселелері талқыланды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда әр азаматтың және әрбір еңбек ұжымының жауапкершілігі мен белсенділігінің маңыздылығын атап өтті.
Мұндай кездесулер мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын түсіндіруге, маңызды бастамалардың мәнін терең ұғынуға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Елдің ертеңі – бүгінгі жауапкершілік пен ортақ еңбектің нәтижесі!
Тапсырыс беруші: Салимов А.А.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді













