Сайрам ауданында жол сапасы артып келеді   

0
144

Жол мәселесі қазақстандықтар үшін қашан да өзектілігін жоғалтпай келе жатқан мәселе. Оның оң шешімін тауып, сапасын арттыру үшін мемлекет тарапынан үлкен шаралар қолға алуда. Соның бірі «АМАNАТ» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы. Онда Жолдардың сапасын жақсарту бастамасында 4 іс-шара жоспарланған.  

2022 жылға аудандық маңызы бар 4 жолдың күрделі жөндеуіне 366,8 млн.теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 221,2 млн.теңге, аудандық бюджеттен 145,6 млн.теңге қаралған. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен 209,2 млн.теңге 11 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына қаралды. 

Нәтижесінде, қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар жолдар үлесін 85,0%-ға (ұзындығы-140,5 км,жөнделеді-120,8 км), елді мекендердегі көшелер үлесін 59,0%-ға(ұзындығы-951,7 км,жөнделеді-561,5 км,) жеткізу жоспарлануда. 

Осыған орай, осы жылдың 14 маусым күні «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Әбдрахманұлы бастаған Сайрам аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Есбол Дүйсебаев, Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Дилмурад Усмановпен бірлесе Қарабұлақ ауылдық округіндегі ішкі жолдардың сапасымен танысты.  

Жол картасы аясында жүзеге асып жатқан жұмыстарға яғни Қарабұлақ ауылындағы 6 көшеге (Элтай баба көшесі 1,1 шқ, Ғұлам көшесі 1,7 шқ, Достық көшесі-1,3 шқ, Халикулов көшесі-0,6 шқ, Рабочая көшесі-1,5 шқ) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге – аудандық бюджеттен 101379,8 мың тенге (аудандық бюджет) ал 4 көшеге (Ташниязов көшесі-1,0шқ, Юсупов проезд №1-1,3 шқ, Юсупов проезд №2-1,4 шқ, Х.Алимжан көшесі-1,2 шқ) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу – жергілікті бюджеттен 78490,0 мың тенге (ауылдық бюджет); бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп «БАЗИС-К» ЖШС және «Арнау Строй 2005» ЖШС жеңіпаз мекеме болып анықталған жоғарыда аталған көшелерді орташа жөндеуден өткізу үшін келісім шарт жасақталған. 2022 жылдың шілде айында аяқтап пайдалануға беру жоспарлануда.  

Одан кейін аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы Алмас Әбдрахманұлы, Сайрам аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Есбол Дүйсебаев Түркістан облыстық «Ұлттық сапа орталығы» қызметкерлерімен бірлесе Арыс ауылдық округіндегі аудандық маңызы бар жолдың құрлысымен танысты.  

Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен мердігер мекеме «Алем Транс Жол» ЖШС-гі арасындағы 13.10.2020 жылғы №93 санды келісімшартқа сәйкес, КХSR-3 «КХ-3 Қожақорған-Нұржанқорған» автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шарт түзілген.  

Аталған келісімшартқа қосымша №93/01 санды келісімшарт жасалынып, сол жылы белгіленген жол жөндеу жұмыстары 40 %-ға атқарылды. Өткен жылы 217,0 млн теңге қаржы игерілген. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан жолдың қалған 2,4 шақырым аралығына асфальт салуға дайындау үшін бірқатар жол бөліктеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.  

Сонымен қатар, бөлім арқылы су ағатын науаларда пайда болған кемшіліктер анықталып, толық қалпына келтірілді. Аталған нысан ағымдағы жылы тамыз айына дейін пайдаланысқа беру жоспарлануда. 

Leave a reply