Түркістандық жас өнертапқыш мемлекеттік грант алуға құжат тапсырды
Түркістан облысы Сайрам ауданынан шыққан жас өнертапқыш Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты – Қалтаева Ләззат Молдабекқызымен кездесті.
Түркістан қаласындағы Фараб кітапханасында өткен кездесуге Түркістан облысының аудан, қалаларынан түрлі сұрақтар мен ұсынысы бар азаматтар келіп қатысты.
Сенатор танысу барысында “Шырақ” мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығын басқарғанын айтты. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бүгінгі таңда өзекті болған мәселелерді атап өтті.
Кездесу барысында Мұхамеджан Кеңесбек және Ермек Асқарұлы өз жұмысын таныстырды. Жастардың жұмысын ден қойып тыңдаған Ләззат Молдабекқызы ауданға келіп, шеберхананы көретінін жеткізді.
Шілденің 8-іне жас өнертапқышпен бірге жұмыс істеуге ниетті Сенаторды Облыстық Жастар Орталығының басшысы Ерасыл Толебаев келеді.
Кездесуден соң Мұхамеджан мен Ермек Түркістан арнасына сұхбат берді.
Айта кетейік, Мухамеджан Кенесбек «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға құжат тапсырды.
Сайрам аудандық Атамекен кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта жас кәсіпкердің протез жасау үшін қажетті құрал жабдықтар алу мақсатында бизнес жоспар дайындауға онлайн өтінімін қабылдады.