Тоннасына 330 мың теңге!

0
107
Мақтаарал ауданының индустриалды аймағында орналасқан «ZHANASSAYL» ЖШС-нің мақта қабылдау зауыты (басшысы Нұрлан Сәрсенбаев) мақта қабылдауды қарқынды жүргізе бастады. Мұнда «ақ алтынның» бір тоннасы 330 мың теңгеден бастап белгіленді. 
Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұржігіт Мырзахметов, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов пен аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Сәрсекбаев, аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров, облыстық мәслихат депутаты Ұлжанат Жұрымбетова, аудандық мәслихат депутаты Берік Шампиев және Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Маханбетов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуов, аудандық мәслихат депутаты Гүлмира Саржанова мен Жетісай ауданы мақташылары ассоциациясының төрайымы Набаткүл Байтанаева мен қос ауданның бірқатар шаруалары таяуда аталмыш зауытта болып, басшылармен жүздесті. Мақтаның нақты бағасын анықтап, қалай, қашан өткізу мәселелерін талқылады.
Жеке кәсіпкер Нұрлан Сәрсенбаевтың инвестициясы есебінен салынған зауыттың құны 2,5 млрд. теңге, аумағы – 6 гектар. Мақта талшығын қайта өңдейтін зауыт 150 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Мақта бағасы алдағы уақытта  бұдан да жоғары көтерілуі мүмкін дейді зауыт басшысы Н.Сәрсенбаев.
Мақтаарал ауданында 12 қазанға дейінгі мәлімет бойынша 40 421,2 гектар мақталықтан 82 мың тонна мақта жиналып, гектар өнімділігі 25,4 центнерді құрап отыр. Күн сайын қырманға 2800-3000 тонна мақта жиналуда. Қазір мақта алқабында 200-ден астам «көгілдір кеме», 36 терімшілер бригадасы, 1000-ға тарта терімші іске жұмылдырылған. Ауылдық округтер арасында Еңбекші ауылдық округінің диқандары әр гектардан 28 центнерден өнім жинап, алда келеді. Мұнда қазірге дейін  8200 тонна «ақ алтын» жиналды.
Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ. 

Leave a reply