Четверг, 19 сентября

ДЕРБІСЕКТЕ 900 ОРЫНДЫҚ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

0
48

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде салынып жатқан «Жайлы мектептің» инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту барысын арнайы барып , бақылады.
Құрылыс алдаңында болғани аудан басшысы:

-Ең бастысы балалардың қауіпсіздігіне мән берілуі қажет. Мектептердің көшелерін жарықтандыруды және бейнебақылау жүйелерімен қамтуда, сонымен қатар, білім беру ғимараттары түгелдей жылдам интернетпен қамтылуы бойынша сапалы материалдары пайдалана отырып, жауапкершілікпен атқару қажет ” – деді.

Айта кетсек, «Жайлы мектеп» құрылысын жүргізу үшін «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы тарапынан қаржы бөлінген. Қазіргі таңда, нысанның интернет желісінің 1,6 км ауамен тартылып, 1,7 км ор қазылуда. Сонымен қатар, топосъемка жұмыстары жүргізілуде. Газ құбырының траншея қазылып, құбырлар орналастырылған және нығыздалып көміліп, жалғау нүктесіне жеткізу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай келе аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, сонымен қатар мерзімінде және сапалы аяқтау қажет екенін ескертті. Алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.

Құрылыс кезінде жалпы жағдайды бақылайтын ақпараттық цифрлы плат­форма жұмыс істейтін болады. Ақпараттық жүйе алғаш рет осындай ірі ұлттық жобада қолданылмақ. Электронды жүйе құрылыстың бар­лық кезеңін ашық бақылауға мүмкін­дік береді. Жүйенің ерекшелігі – тап­сырыс беруші, құрылысшылар, әкім­діктердің бірнеше басқармасы, ми­нистрліктер, техникалық бақылау сарап­шылары және басқалары бір­лесіп жұмыс істеп, бірге тапсырма беріп, оны бақылап, мәселе туындаса сол бойда бюрократиясыз, уақтылы шешіп отырады.

Leave a reply