Суббота, 5 октября

Кентауда қияр өсірумен айналысатын кәсіпкер жылына 25 тоннаға дейін өнім алады

0
117

Қала әкімі Жандос Тасов жұмыс сапарымен Қарнақ ауылында болып, ауылдағы өз кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіптердің жұмыс барысын аралады. Алдымен кореялық үлгіде салынған Рашид Амиов шаруашылықтың жылыжайымен танысты. 2018 жылдан бері қияр өсірумен айналысатын кәсіпкер жылына 25 тоннаға дейін өнім алады.

Сондай-ақ қала әкімі Қарнақ ауылындағы «Medical style» тігін цехы медициналық киімдердің 25 түрін шығаратын цехта болды. Бүгінгі таңда тігін цехында жалпы 30-ға жуық адам жұмыс істейді. Жұмыстың іске қосылғанына 1,5 жылдай болғанымен тапсыр берушілердің саны көп.
Тігін цехының басшысы Шавкат Хабибуллаев дәрігер-кардиолог. Бірнеше жыл дәрігер қызметін атқарған ол, бүгінде кәсіпкерлікке бет бұрған. Өзінің туып-өскен ауылы Қарнақтан цех ашып, медициналық киімдер тігіп шығаруда. Мұнда арнайы киімдерді сапалы етіп тігу үшін жоғары дәрежелі технолог пен арнайы білімі бар тігінші мамандар қызмет етеді.

Тігін цехының жылдық өнімі тапсырысқа қарай 20-25 мыңға жуық киім шығарады. Сапалы, әрі ыңғайлы киімдерге қажет маталар Түркия елінен алынады. Цех басшысы алдағы уақытта тапсырыстың көбеюіне байланысты цехты ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Қала басшысы өз еңбектерімен кәсіп бастап, қаншама адамға жұмыс беріп отырған кәсіпкерлерге қашанда қолдау көрсетуге әзір екенін айтып, мемлекеттен берілетін қолдауларды да алып қолдану қажеттігін түсіндірді.

Leave a reply