КЕНТАУДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

0
89

Қала аумағындағы тұрғын үйлерді газ жүйесіне қосылу жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, 2024 жылдың соңына дейін 93%-ға жеткізу жоспарланған.
Қазіргі таңда қала аумағындағы жалпы 18062 абоненттің 10927 яғни 61,5% абоненті орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды. Жалпы Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету 3 кезеңге бөлінген. Қазіргі таңда, I II III кезеңдер толықтай табиғи газбен қамтамасыз етілуде.
Кентау қаласына қарасты елді мекендерден, мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында құрылыс жұмыстары жүргізілген Шоқтас елді мекені табиғи газ жүйесіне қосылған. Сонымен қатар, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарды газға қосу жұмыстары жүруде.

Leave a reply