Мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді

0
53

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы негізінен аграрлы өңір болғандықтан мұнда егін және мал шаруашылығы жақсы дамыған. Аудан бойынша жыл басында 315 мал бордақылау алаңын ашу жоспарланса, қазіргі таңда осындай 317 алаң ашылып, жұмыс істеуде. Алдағы уақытта олардың қатары тағы да арта түспек. Өйткені ауыл шаруашылығының күретамыры мал шаруашылығымен айналысуға ден қойғандар қатары артып келеді. Ордабасылықтардың басым бөлігі мал шаруашылығын негізгі табыс көзі де санайды. кәсіп ретінде қарастырады. Сондықтан болар, ауданда мал шаруашылығы жаңашыл, өнім көлемін арттыру үшін тәуекелді қадамдары көп сала санатында. Ежелден жерді тиімді игеруді меңгерген Ордабасы ауданы еңбек өнімділігі жөнінен де алда келеді.

Бүгінде Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Төрт түліктің басын көбейтіп, ірі қара малды асылдандырып, табысын еселеп жүрген шаруашылықтар көп. Бүгінде кәсібін өрге өрлетіп отырғандардың бірі «Ордабек» шаруа қожалығы. Серіктестік қаншама жылдардан бері жылқы бордақылаумен айналысады. Кәсіпкер бүгінде жылқы соғымын Алматы қаласына экспорттап отыр. Бағымы жақсы, дәмі керемет соғымды сатып алушылардың қатары көп. өнімінің өтімі жақсы болғандықтан серіктестік басшысы алдағы уақытта мал басын көбейтуді жоспарлап отырғанын айтты. Хаят Хасантаев жылқы етімен қатар қойды да бордақылауды жолға қоймақ. Аталған кәсіпті терең меңгеріп, ұңғыл шұңғылын жақсы білетін басшы енді мал басын асылдандырмақ. Сондай-ақ, «Нұрислам» шаруа қожалығы да бүгінде біраз белесті бағындырған шаруашылық. Бұл серіктестік тауық өсіріп, оның етін сатумен айналысады. Құс етіне де, оның жұмыртқасына да сұраныс жоғары. Маусым кезінде сауда да қыза түседі. Кондитерлік өнім өндіретін цехтар өнімнің саудасын қыздырады. Мұнда 12000 бас тауық асырауға мүмкіндік бар. Алдағы уақытта тағы да тауық басын көбейту жоспарында бар екенін айтып отыр кәсіпкер. Еліміз жарты жылда 4 мың тоннаға жуық қой етін экспорттаған болатын. Алдағы уақытта дәл осы салада жетістік жоғарылары сөзсіз. Басқа өңірлердегі шаруалар мүмкіндігі жоғары болғанымен, малды бордақылау алаңдары аз болып тұр деген назы бар. Ал Ордабасы ауданында 40 мың басқа арналған мал бордақылау кешені ашылып, мәселе шешімін таппақ. Жер-Ана маңдай терін төгіп, еңбек еткенді құр қалдырмасы анық. Төрт түлікті түлетіп, тындырымды тірлік етіп отырған ордабасылықтардың еңбектерінің жетістіктері жоғары болары сөзсіз.

Leave a reply