Еңбек адамы: Төлебилік тұрғын мемлекеттік қолдаумен ауыл шаруашылығын дамытуда

0
78

Жас кәсіпкер – Койынбеков Еркін Ұлықбекұлы. Төлеби ауданы, Қоғалы ауылдық округінің тұрғыны. Өз кәсібін бастау мақсатында 2,5 пайыз жеңілдетілген несие алу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на өз бизнес жобасын ұсынып, нәтижесінде несиеге қол жеткізген. Қазіргі таңда МТЗ тракторын алып, ауылшаруашылығы саласында кәсібін дамытуда. Айта кетсек, ауылда жер жырту, шөп ору, егін дақылдарын жинау және сол сияқты ауылшаруашылығына керекті қызмет атқарады. Кәсібін бастаушы жастарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алуға кеңес береді.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мәліметтіне сәйкес, елімізде республикалық деңгейде 20-дан астам мемлекеттік жоба іске асырылуда. «Атап айтқанда, бұл «Бизнестің жол картасы-2025», индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы, «Еңбек», «Нұрлы жол», Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы. Олардың әрқайсысының өз міндеттері мен талаптары бар. Кейбір бағдарламалар мемлекеттік тапсырмалар мен тапсырыстар арқылы бизнеске жанама қолдау көрсете алады». Сондай-ақ, қауымдастық квазимемлекеттік құрылымдар мен әкімдіктер тарапынан қолдау бағдарламаларын да мемлекеттік жобаларға жатқызуға болатынын алға тартты. Мысалы, «Даму» жобасы әкімдіктермен бірлесе отыра 24 өңірлік жобаны жүзеге асыруда. «Бизнесті қолдауға бағытталған бағдарламалардың көптігі және бірыңғай тізілімнің болмауы мемлекетке де, бизнес-қоғамдастыққа да жоғары дәрежеде әсер етпейді. Сондықтан ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрсеткіштері мен индикаторлары көп мемлекеттік бағдарламаларды дайындауды тоқтатып, халыққа түсінікті қысқа ұлттық жобалардың форматына көшуді тапсырды», – деп хабарлады қауымдастық. Сонымен қатар, шағын орта бизнесті қолдау негізінен «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен несие беру» бағдарламалары аясында іске асады. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы» аясында кәсіпкерлікті микрокредиттеу бағдарламасы басталды. Айналым қаражатына 5 млн теңгеге дейін және инвестициялық мақсаттарға 20 млн теңгеге дейін несие беріледі. Осы ретте, 5 млн теңгеге дейінгі қарыздардың басым бөлігі 6% мөлшерлемемен кепілсіз негізде беріледі. Бұл бағдарламалардың жалпы қоржыны 5 трлн теңгеден асады. Оның ішінде, «Бизнестің жол картасы» – 3,7 трлн теңге, «Қарапайым заттар экономикасы» – 637 млрд теңге, кәсіпкерлікке жеңілдікпен несие беру – 884 млрд теңге бөлінген.

«Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту» бастамасы. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды еңбек нарығында талап етілетін кәсіптік дағдылар мен құзыреттер алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша халықтың аса мұқтаж топтарына: жастарға («Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы шеңберінде); мүмкіндігі шектеулі адамдар мен егде жастағы адамдар (арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу есебінен) қысқа мерзімді курстар өзектендіріліп, іске асырылады.

Leave a reply