Кентауда электр желілері жаңартылған

0
70

Кентау қаласы толық орталықтандырылған электр желісімен қамтамасыз етілген. Абонент саны 25 мың, тұтыну мөлшері-15 мВ/күн. Жалпы трансформаторлардың саны – 346 дана.

Республикалық бюджеттен «Шұғыла» мөлтекауданындағы №6, №7, №8 көшелердегі электр желілерін ауыстыруғабылтыр 147,1 млн. теңге, биыл 16,3 млн.теңге (жалпы құны 163,4 млн. теңге) бөлінді. Нәтижесінде 377 жеке тұрғын-үй электр желілерімен қамтылатын болады.

Қарнақ ауылы «Дүйім-Тума», «Қанайұлы», «Маклик» учаскелерінің инженерлік инфрақұрылымын салу» нысанының жалпы сметалық құны 154,0 млн. теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарына 2022 жылы 137,0 млн. теңге, 2023 жылы 17,0 млн.теңге қаралған. Нәтижесінде 488 жеке тұрғын-үй электр желілерімен қамтылатын болады.

Сонымен қатар, 2022 жылы «Оңтүстік жарық» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында Кентау қаласына қарасты Қарнақ және Құсшы-ата елді мекендерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар биыл жалғасын табуда.

Жалпы Түркістан облысы – электр қуатына тапшы өңірлердің бірі. Аймақтың орташа қажеттілігі 320 МВт/сағ құрайды. Оның 20%-ын ішкі энергетикалық көздер өндірсе, 80%-ы еліміздің солтүстік өңірінен және Шымкент, Тараз қалаларындағы стансалардан тасымалданады. Облыс аумағындағы 831 елді мекеннің 815-і орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Қалған шалғайдағы 16 елдімекен дербес электр қондырғыларын пайдалануда. Биыл 40 нысанның құрылысын аяқтап, 47 елді мекендегі 122,3 мың тұрғынды сапалы электр қуатымен қамту көзделіп отыр.

Leave a reply