ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҚАЛАЙ ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?

0
42

 

Жаз – баланың денсаулығына көңіл бөліп, профилактикалық тексерулерден өтуге таптырмас кезең. Балаларды қорғау күні қарсаңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кішкентай пациенттер үшін ТМККК және МӘМС аясында қандай медициналық қызметтер бар екенін еске салды.

Балалар денсаулық сақтау жүйесінде

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 78-бабында баланың құқықтары жеке көрсетілген. Онда балалардың денсаулықты сақтау жөніндегі білім алуына, өз денсаулығы туралы ақпаратты (анықтамалар) өздеріне түсінікті форматта тегін алуына құқығы бар екені жазылған.

«Еліміздегі 18 жасқа дейінгі барлық балалар МӘМС жүйесінің қатысушысы болып табылады – олардың орнына жарнаны мемлекет төлейді. Яғни, қажет медициналық көмектің барлығын олар тегін ала-ды. 2025 жылы балаларға профилак-тикалық тексерулер мен скрининг-тер өткізуге 5,3 млрд теңге қарасты-рылған. Бұған қоса, мектеп медици-насын қаржыландыру бөлек жүзеге асады. Бұл бағытқа биыл 3,9 млрд теңге бөлінді», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Бақыт Исмаханбетов.

Медицинада мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарына баратын балаларды медициналық қызметпен қамтамасыз етуге арналған «Мектеп медицинасы» деп аталатын арнайы бағыт бар.

Мектеп медицинасы балалардың денсаулығын жүйелі бақылауға және қажет болған жағдайда, білім беру ұйымының ішінде жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда балалар ата-анасының келісімімен Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес вакцина алады. Бұл қызметтер тегін медициналық көмек көлемі тізбесіне кіреді.

Сондай-ақ, мектеп қабырғасында жыл сайын МӘМС шеңберінде профилактикалық тексерулер жүргізіледі. Егер тексеру барысында қандай да бір патологиялар анықталса, баланы тіркелген емханасына тереңдетілген тексеруге жібереді.

Мектептегі немесе балабақша-дағы тексеруге немесе вакцина жүргізу үшін тиісті бейіндегі медицина қызметкерлері келеді. Бұл іс-шаралар алдын ала жоспарланып, ата-аналарға хабарланады.

Сонымен қатар, мектеп немесе балабақша медпунктінде балаларға жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Бұдан бөлек мұнда салауатты өмір салтын ұстануға баулу аясында шаралар жүргізіледі.

Егер бала қандай да бір себеппен білім беру ұйымында профилактикалық тексеруден өтпесе, оны жаз айларында тіркелген емханасында өте алады.

Сонымен бірге өз учаскесі бойынша мектепте немесе балабақшада вакцинациядан немесе ревакцинациядан өте алмаған балаларға екпе салдыруға болады.

ТМККК аясында балаларға вакцинадан бөлек, шұғыл медициналық көмек, бастапқы медициналық-санитариялық көмек, сондай-ақ, созылмалы және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу мен бақылау қолжетімді.

«Жазда оқу жүктемесі болмай-тындықтан, балалардың бос уақыты көбірек болады. Сондықтан бұл ден-саулыққа көңіл бөлуге өте қолайлы кезең. Мысалы, медициналық көрсеткіштер болған жағдайда МӘМС аясында оңалту курсынан өтуге болады. Оған физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру және басқа да реабилитациялық шаралар кіреді. Мұның бәрі – реабилитолог-дәрігер диагноз бен қарсы көрсеткіштерге сүйене отырып белгілейтін қызметтер», – деді, Бақыт Торғайбайұлы.

Бұдан бөлек, демалыс кезінде оқушылар қандай да бір денсаулыққа қатысты шағымдар болса, офтальмолог, ЛОР, хирург, тіс дәрігері сынды бейінді мамандардан кеңес ала алады. Қажет болған жағдайда зертханалық анализ, УДЗ, ЭКГ, рентген, КТ, МРТ сияқты диагностикалық зерттеулерден өтеді. Ем амбулаториялық деңгейде де, күндізгі немесе тәулік бойғы стационарда да жүргізілуі мүмкін. Мұның барлығы МӘМС жүйесі аясында тегін ұсынылады.

А.ӘЛХАНОВА,

Түркістан қалалық емханасы СӨСҚ дәрігері.

Leave a reply