Елдің дамуына серпін беріп жүрген жас басшы

Ділдабаев Медеу Әбдіакбарұлы – қоғамға адал қызмет етіп, туған өлкесінің өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген жас мамандардың бірі. Ол 1987 жылдың 7 желтоқсанында дүниеге келіп, бала күнінен-ақ білім мен еңбектің құндылығын ұғынды.
Медеу Әбдіакбарұлы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша білім алды. Оның «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жетілдіру және басқаруды дамыту» тақырыбындағы диссертациясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жаңа модельдерге ғылыми тұрғыдан көзқарас қалыптастыруға арналды. Кейін ол Ұлыбританиядағы Эссекс университетінде саясат саласы бойынша білімін жалғастырып, «Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау қорытындыларына әсері» тақырыбында ғылыми жұмыс жазды. Жас ғалымның зерттеу сұрағы – «ақпарат құралдары сайлаушыларға қалай әсер етеді?» – бүгінгі демократиялық қоғам үшін де өзекті.
Медеу Әбдіакбарұлы еңбек жолын мемлекеттік қызметтен бастады. 2007 жылы Астана қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында, 2008 жылы ішкі саясат департаментінде тағылымдамадан өтіп, тәжірибесін арттырды. Бұл қадамдар жас маманның мемлекеттік құрылымдардағы жұмыс ерекшеліктерін ерте меңгеруіне жол ашты.
2012–2014 жылдары ол Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде инвестициялық жобалар бойынша маман қызметін атқарып, өңірге инвестиция тарту ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Ал 2014–2016 жылдары «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында шетелдік инвестицияларды тарту департаментінің бастығы болды. Бұл қызметінде ол шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізіп, жаңа өндірістерді іске қосуға ықпал етті.
2016 жылдың 25 тамызынан бері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарып келеді. Бұл лауазымда ол аймақтың өндірістік әлеуетін арттыру, инвесторлар үшін қолайлы орта қалыптастыру, жаңа жобаларды қолдау бағытында аянбай еңбек етуде.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, адал еңбек пен қоғам мүддесін бірінші орынға қою – әр азаматтың басты парызы. Медеу Әбдіакбарұлы осы ұстанымды өмірлік қағидасына айналдырып, кәсіби мансабын ел игілігіне арнауда. Оның жауапкершілігі мен табандылығы жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.












