Еңбегі мен табандылығымен танылған кәсіпкер

0
46

Ырыстаев Жамшид Анарматұлы – жасынан ізденіс пен еңбекті өмірлік қағидасына айналдырған азамат. Ол 1983 жылдың 6 мамырында дүниеге келіп, білімге құштарлықпен өсті. Кейіннен Халықаралық қазақ-түрік университетінде жоғары білім алып, кәсіби жолын бухгалтерия саласынан бастады.

Жас маманның еңбек жолы түрлі бағытты қамтыды. Алғашқы қадамдары бухгалтерлік есепке арналса, кейін телекоммуникация саласына бет бұрып, инженерлік қызметте тәжірибе жинақтады. GSM саласындағы бірнеше компанияда инженер, менеджер ретінде еңбек етіп, техникалық саладағы жауапкершілігі мен кәсібилігін дәлелдеді. Бұл кезең оның шыдамдылығы мен жан-жақты болмысының айқын көрінісіне айналды.

2013 жылы Жамшид Анарматұлы өнер саласына жақындап, Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театрында бас бухгалтер қызметін атқарды. Әр түрлі салада жұмыс істеуі оған кең көзқарас қалыптастырып, ұйымдастырушылық қабілетін шыңдады. 2014 жылдан бастап ол қайтадан инженерлік бағытқа оралып, өңірлік менеджер қызметін атқарды.

Ізденіс пен еңбектің арқасында ол біртіндеп басқарушылық қызметке көтерілді. 2017 жылы «Ордабасы» индустриалды аймағында өндірістік ауысым басшысы болып, өндіріс барысын үйлестіруді үйренді. Ал 2018 жылдан бастап ТОО СП «Lux Shoes» компаниясында басқарушылық қызметке кірісіп, небәрі бір жылдың ішінде директорлық деңгейге дейін көтерілді.

Бүгінде Жамшид Анарматұлы аталған кәсіпорынның директоры ретінде жергілікті өндірісті дамытуға, халықты жұмыспен қамтуға, жаңа нарықтарға шығуға күш салып отыр. Оның негізгі мақсаты – қазақстандық аяқ киім өндірісін халықаралық деңгейге жеткізу.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан «Адал азамат» тұжырымдамасына сәйкес, Жамшид Анарматұлы да кәсібін адал еңбек пен әділдікке негіздеп жүргізіп келеді. Әр қызметінде еңбекқорлықты серік етіп, кәсіби талаптарға сай әрекет етуі – оның азаматтық болмысын айқындайды.

Көп саланы көріп, түрлі салада шыңдалған тәжірибе Жамшид Иристаевқа бүгінгі таңда сенімді басшы, өз ісінің шебері болуға жол ашты. Ол еңбегімен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген іскер азаматтардың қатарында.

 

Leave a reply