ҚАЗЫҒҰРТТА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫН АЛУДА

0
52
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жұмыс жоспарына сәйкес Қақпақ ауылдық округіне арнайы барып, өңірдегі маңызды өндірістік нысандардың жұмысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында аудан басшысы Қақпақ ауылдық округінде орналасқан «Қарқын 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал бордақылау алаңына барды. Кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерімен танысып, мал шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.
Кездесу барысында серіктестік басшылығымен өндіріс көлемін ұлғайту, мал басын көбейту, өнім сапасын арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жоспарлар сөз болды.
Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы мал шаруашылығы аудан экономикасының негізгі драйверлерінің бірі екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жобалардың ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуда және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
Бүгінде «Қарқын 2030» ЖШС өңірдегі ірі агроқұрылымдардың бірі ретінде мал бордақылау ісін жүйелі жолға қойып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Мұндай кәсіпорындардың жұмысы ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға және ауылдық елді мекендердің дамуына оң әсерін тигізуде.

Leave a reply