СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
24

Келес аудандық спорт кешенінде сайлау науқаны аясында кездесу ұйымдастырылды. Жиынға «Әділет» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Мадияр Әшірбаев, «Әділет» партиясы атынан кандидат Бұхарбай Нұрғазы және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар сайлауалды науқанның негізгі бағыттарын, партияның бағдарламалық басымдықтарын және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Атап айтқанда, спорт саласын дамыту, бұқаралық спортты қолжетімді ету, спорттық инфрақұрылымды жетілдіру, жас спортшыларға қолдау көрсету және ауылдық елді мекендерде спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар аудан тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін ескеру, жергілікті деңгейдегі мәселелерді жүйелі түрде көтеру және оларды шешу жолдарын қарастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Мұндай кездесулер сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын түсіндіруге және қоғам өкілдерімен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Leave a reply