Ринат Зайытовтың әйелі шын мәнінде кім? (фото)

0
136

Елімізге белгілі айтыскер Ринат Зайытовтың өмірлік жары шын мәнінде кім? Көптеген адамның көкірегінде осы бір сауал болуы мүмкін. Ендеше ақынның жары туралы мәліметке көз жүгіртсек.

Ринат Зайытовтың жарының аты-жөні Зүлфия Тұрсынқызы. Екеуі 2001 жылы танысып, үш жылдан кейін отбасын құрған. Ринат Зайытов өмірлік жарының мінезіндегі биязылық туралы, онымен таныстығы туралы былай баяндайды:

– «Зүлфия досымның қызының (қазіргі әйелі) құрбысы-тын. Ол қызын шақырса, Зүлфия бірге шығады. Мен мына жақтан еріп барамын. Сонымен екі қыз, екі жігіт болып әңгімелесеміз. Келе-келе бойымда оған деген сенім пайда болды. Өз басым бәрінен махаббатты бірінші қоятын адам емеспін. Өйткені оның оянуы да, өшуі де – бір-ақ сәт. Біздің отбасымызда сенім мен түсіністік басым», – деген еді Зайытов.

Айтуынша жары өте қарапайым отбасынан шыққан, жоғары оқу орнын бітірген, экономика саласының маманы.

Қазіргі таңда, Ринат пен жары Зүлфия екеуі  төрт қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.

Leave a reply