Теріскейде кәсіпкерлер көбейді

0
118

Теріскейде тіршілік қызып тұр. Мұнда еңбекпен бақыттың басын иген жандар жетерлік. Созақ ауданы көлемінде 405 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 3 362-ге жеттікен. Жобаларды қаржыландыру бойынша «Ырыс» МКҰ арқылы                           25 жобаға жалпы сомасы 90,9 млн. теңгеге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалы арқылы 57 жобаға 204,3 млн. теңгеге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ТО бойынша филиалы арқылы жалпы сомасы 8  жобаға  64,0 млн. теңге, барлығы  65 жобаға 268,3 млн. теңге несие берілді.

Кәсіпкерлік қызметке баулу, микрокредит алуға қол жетімділікті арттыру мақсатында “Бизнес Бастау” жобасы бойынша 180 адам,  оқытылып, 174 адам сертификаттарын қорғады. Оның ішінде 70 адам  653 млн.теңге  грант иегері атанды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 1  жобаға  («Дархан-Ас» ӨК)  жалпы сомасы 22 млн. теңге несие берілді.

Leave a reply